«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұстазы мықтының ұстанымы мықты

2016 жылғы 31 Қазан
- Жетісу облысы
9940 просмотров

Облыста «Жобалық білім беру» құрамдауышы бойынша оқыту аяқталды

Жобалық білім беру – өңірдегі білікті кәсіпкерлер мен тәлімгерлердің қатысуымен өтетін тәжірибелік сабақтар мен дәрістер. Биыл мұндай сабақтар мен дәрістер Көксу, Ескелді және Қаратал аудандарында өтті. Жобаға шаруа қожалықтары, жеке және әлеуетті кәсіпкерлер қатысты. Жалпы Алматы облысы бойынша егін және мал шаруашылығы бойынша 60-тан астам адам оқу курсын аяқтаған.

Теориялық курстарда кәсіпкерлерге бизнес-жоспар құру, меркетингтік стратегия мен тиімді менеджментті дұрыс әзірлеу туралы тың мәліметтер айтылады. Дәрістер мен тәжірибе сабақтары қатысушылар үшін жаңа әрі қызықты болды.

Мәселен, Ескелді ауданында кәсіпкерлерге Виктор Романенко тәлімгерлік жасады. Кәсіпкер, бүгінде, бір уақытта бизнестің бірнеше түрімен шұғылданып жатыр. «Романенко»  шаруа қожалығында 500-ден астам адам жұмыс істейді. Семинарда тәлімгер қант қызылшасын өсіру технологияларымен бөлісті. Қызылшаны суармай өсіру әдісі өте тиімді әрі бірегей болып табылады. Тәжірибе сабақтарында кәсіпкер қатысушыларға қызылшаны сусыз қалай өсіру керектігі туралы айтып берді.

Ал, Ертай Құнанбайды қатысушылар қызылшаны қызылша алқабынан тапты. Шаруа қожалығы жетекшісі егіс алқабында жеке шеберлік сабағын өткізді.

Курс аяқталған соң, кәсіпкерлерге үй тапсырмалары берілді. Қатысушылар алған білімдерін бизнес-жоспар құрумен, қаржылық қызметке сараптама жасаумен және басқа да мәселелермен ұштастырды.

«Көбі кәсіпкерге тәлімгердің қажеті не деп жатады. Алайда, бизнес дамуды, интеллектуалды инвестицияны, капитал құюды, жаңа әдістерді енгізуді талап етеді. Аталған мәселе кәсібін енді ашып жатқан және бұрыннан бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлер үшін өзекті. Сол себепті біз табысты кәсіпкерлерді мысалға келтіре отырып, қатысушыларға кәсіпкерлік қызметті қалай бастап, қалай жүргізу қажеттігі туралы ақпарат береміз.  Кеңестер мен ұсыныстар ешкімге артық болмайды», – дейді бизнес-тәлімгерлер. 

«Жобалық оқыту» айлық курсы аяқталған соң, барлық қатысушыларға біліктілігін арттырғаны туралы сертификат табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер