«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оңтүстік Қазақстан облысы француз бизнесмендерін қызықтырып отыр

2016 жылғы 31 Қазан
- Шымкент қаласы
12929 просмотров

Шымкентке Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен бастаған делегация келді

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында қонақтар жергілікті бизнесмендермен кездесті.

Елші атап өткендей, сапар мақсаты – франциялық және оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытудың келешегін талқылап, тығыз қарым-қатынас орнату.

Франсис Этьен: «Оңтүстік Қазақстан облысы француз бизнесмендерін қызықтырып отыр», – деп мәлімдеді. Өңірде ортақ жобаларды іске асырып, тығыз қарым-қатынастар орнату үшін елшімен бірге Франциядан түрлі мамандар мен сарапшылар келіпті.

Француз елшісінің айтуынша, Қазақстан Францияның 20 ірі серіктесінің қатарында екен әрі бұл ел қазақстандық кәсіпкерлермен түрлі салалар бойынша көп қырлы ынтымақтастық орнатқан. Осы жылдың наурыз айында Қазақстанда жаңа мекеме, яғни Франция-Қазақстан кәсіпкерлерінің палатасы ашылды. Ондағы мақсат – қос ел арасында тиімді сұхбат орнату.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі, аталған ұйымның мақсаттары мен міндеттері, өңірдің бизнес-климаты тура айта келе, ортақ жобаларды іске асыруға көмектесуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, француз компанияларын мүмкіндіктерді зерттеп, оңтүстікқазақстандық бизнеспен байланыс орнатуға шақырды. Ол қажет болған жағдайда, Палата француз кәсіпорындарымен кездесулер ұйымдасырып береді деп сендірді.

«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алпысбаев қонақтарға өңір мүмкіндіктері мен облыстың даму келешегі, инвестициялық әлеуеті туралы айтып берді. Ол Оңтүстік Қазақстан экономикасын дамытудағы басымдықтарға тоқталды. Олар: ауыл шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, уран өндіру, мұнай-химия және құрылыс салалары. ОҚО-ның тоқыма және жеңіл өнеркәсіпті дамытуда да әлеуеті жоғары.

Франциядан келген қонақтарға жергілікті бизнесмендер облыстың Еуропаға ауыл шаруашылығы өнімдерінен бастап атом өнімдеріне дейін саналуан тауарлар жеткізуге әлеуеті жететіндігін айтты.

Тараптар байланыс нөмірлерімен алмасып, болашақта пайдалы әрі өзара тиімді әріптестік орнатуға тілек білдірді.

Кездесудің алғашқы нәтижелерінің бірі, ОҚО-да технологиялар сауда үйін ашу келісімі болды. Сонымен қатар, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы француздық тарапқа инвестициялық жобалар туралы ақпарат жіберетін болды.

Елші келер жылдың ақпан айында Шымкентке нақты ұсыныстармен келетіндігін мәлімдеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер