«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қателігін сотта мойындады

2016 жылғы 28 Қазан
- Қостанай облысы
8659 просмотров

Ауыл әкімдігі бухгалтерінің қателігінен қостанайлық фирма мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы атанды

Компания өз беделін сот арқылы қалпына келтірді. Оған Кәсіпкерлер палатасы қолдау білдірді.

2016 жылдың көктемінде «Profi Escort» консалтингтік фирмасы Жітіқара ауданы Шевченковка ауылы әкімі аппаратына «1С бухгалтерия» лицензиялық бағдарламасын орнату үшін тендер ұтып алады. Ережеге сәйкес, әкімдік кәсіпкерге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы электронды-цифрлық қолтаңбамен куәландырылған келісімшарттың жобасын,  жеңімпазды анықтаған күннен бастап 5 жұмыс күннің ішінде жөнелтуі керек болатын.

Алайда келісімшарт алты күнге кешігіп жеткен. Нақты айтқанда, 15 наурызда емес, 21 наурызда жіберілген. Ол күн мерекеге сәйкес келгендіктен, жұмыс күні болмаған. Сол себепті компания автоматты түрде мемлекеттік сатып алу порталының жауапсыз қатысушы тізіліміне енеді. Тендерді басқа компания ұтып алады. Ал «Profi Escort» фирмасының басшысы өзің жауапсыз мекемелердің қатарынан шығару үшін сотқа жүгінеді.

«Сот бізге бірінші инстанция кезінде бас тартты. Ең қызығы, әкімдіктің бухгалтері сотта өз қателігін мойындады. Себебі ол сол кезде жұмысқа жаңадан орналасып, істі қабылдап алып жатқан болатын. Бірақ бұл жағдай ескерілмеді», – дейді компания директоры Илья Грачев.

Компания тек қана мемлекеттік тапсырыстан айырылып қалған жоқ. Тізілімде белгіленуіне байланысты екі серіктесі ынтымақтасудан бас тартқан. Сөйтіп келтірілген шығындар мен әділдік орнату ниеті Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге алып келді.

«Палата бізге көп көмектесті. Біз апелляциялық шағым түсіріп, нәтижесінде жеңіп шықтық. Қазір мемлекеттік сатып алу департаментінен бізді тізілімнен алып тастайтын қағазды күтіп отырмыз. Ал аудандық әкімдікке келетін болсақ, біз олармен ынтымақтасуды одан ары жалғастырамыз. Өйткені олардың мұны әдейі ұйымдастырмағанын білеміз. Бұл адам факторынан кетіп отырған қателік. Айтпақшы, бұрынғы бухгалтер ол жерде енді жұмыс істемейді», – деп атап өтті Илья Грачев.

2016 жылдың басынан бастап бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғау бойынша Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасына 166 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда оның 97-сі оң шешім тапты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер