«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» сіздермен бірге!

2016 жылғы 28 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
8030 просмотров

Облыста Аудандық кәсіпкерлер кеңестері құрылуда

Облыстың барлық аудандарында, Кәсіпкерлер палатасы филиалдарының 2016 жылғы жұмыс нәтижелерін қорытындылайтын есептік кездесулер өтіп жатыр. Аталған кездесулер аясында кәсіпкерлердің Аудандық кеңестері құрылуда.

Есептік кездесулер облыстың Теректі, Зеленов және Тасқала аудандарында өтті. Кездесуге қатысушылар жоғары белсенділік және ерекше қызығушылық танытты. Тасқала ауданының кәсіпкерлері, кейінгі уақытта, бизнеске мемлекет, Кәсіпкерлер палатасы тарапынан барынша назар аударып келе жатқандығын жеткізді. Кәсіпкерлер бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктердің несие бермей жатқанын, мал союға қажет ветеринарлық анықтама алуда кедергілер орын алып жатқанын алға тартты, дегенмен тұрғындар әкімдік тарапынан болатын заң бұзушылықтар саны кеміп, мемлекеттік қызметкерлердің біліксіздігі кесірінен болатын кедергілердің азайғандығын жасырмады. 

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршин Тасқала ауданында өткен кездесуде Палата қызметіндегі басым бағыттар бұрынғысынша қалатынын мәлімдеді. Олар: жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету және кешенді сервистік қызмет көрсету жолдары арқылы шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету, бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін басым бағыттарды анықтау, мамандарды даярлауға атсалысу, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және т.б. Сонымен қатар, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев жариялаған «Кәсіпкерлікті дамытудың 10 қадамы» бағдарламасы туралы да айтып берді. Ол бағдарламада жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамту бойынша басым бағыттардың көрсетілгеніне тоқталды. «Бұл қадамдардың әрқайсысы: микронесие көлемін кеңейтуге, бизнес негіздерін жаппай оқытуға, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамытуға және бизнес ашып, оны дамытуға орасан зор мүмкіндіктер береді. Бұл, әсіресе, ауылды жерлерге қатысты болып отыр», – деді Нұрлан Қайыршин. Ол бизнесмендердің Палатаға осы саладағы кез келген мәселелер бойынша көмекке жүгіне алатындығын мәлімдеді, Палата қашан да оларға көмек қолын созуға әзір екендіктерін жеткізді. «Сіздер жалғыз емессіздер, «Атамекен» Сіздермен бірге!, – деді ол. – Палатаның кеңесшілері мен сарапшылары сіздерге кеңес беріп, бизнес жобаларыңызды іске асыруға нақты көмек көрсете алады».

Кездесудегі тағы бір маңызды оқиға – Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің құрылуы болды. Оған аудандағы жеті белгілі кәсіпкер енді. Кеңес төрағасы болып Жарас Жамансариев сайланды. «Аудандық кеңестің мақсаты – аудандағы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолдау көрсету. Осы істі маған сеніп тапсырғандарыңыз үшін зор алғыс білдіремін. Тәжірибеміз, біліміміз бар, енді бизнес ашуда жастарға өз тәжірибемізбен бөлісіп, көмектесетін боламыз», – деді ол өз кезегінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер