«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дербес бизнесін бастағысы келетіндер көбейіп келеді

2016 жылғы 25 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5764 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл ауданындағы филиалы алғашқылардың бірі болып жергілікті бизнес-қауымдастықтың алдында есеп берді

Филиал директорының аудан көлемінде есеп беру кездесуі – маңызды шара. Барлық ауылдың кәсіпкерлері бизнестің дамуы үшін жыл басынан бері қандай деңгейде жұмыс атқарылғаны туралы баяндаманы тыңдау үшін арнайы келді.

Жамбыл ауданында шағын және орта бизнес саласында 973 субъект тіркелген. СҚО Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Наталия Лазарева өзінің есебінде атап өткендей, биылғы жылдың 9 айының ішінде аудандық филиалға 729 өтініш келіп түскен. Оның 157-сі заң мәселесіне қатысты. 7 кәсіпкердің сомасы 1,5 млн теңгеден астам мүддесі қорғалған. Өтініштерді қадағалау кезінде, аудан кәсіпкерлерінің жиі ұшырайтын мәселері анықталған. Аталмыш «қара тізімге» мынадай мәселелер енді: ауылдық жерлерде қаржы ресурстарының қолжетімділік мәселесі; заңсыз тасымал; алкоголь өнімдерін айналымға түсіру саласындағы жауапсыз бәсекелестік; ауылдық елдімекендерде пластикалық карталарды пайдалану деңгейінің төмендігінен РОS-терминалдарды пайдалану жайы және ауылдық шағын сауда орындары үшін алкоголь өнімдеріне байланысты жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерінің сәйкессіздігі.

Филиал басшысы хабарлағандай, аталған мәселелерді шешу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Наталия Лазарева басты құрал ретінде филиалдың аудандағы мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысын атап өтті. Әкімдік те осы ойды құптап отыр. «Біздің бірлесіп атқарып отырған барлық жұмысымыз, ауылдың жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бизнесті дамытуға бағытталған», – деп атап өтті Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Лариса Топорова.

Есепке жүгінсек, ауданда жауапсыз бәсекелестіктің алдын алуға арналған жұмыстар жиі жүргізіледі. Осылайша, ауданның ішкі істер органдары алкоголь өнімдерін тиісті құжаттарсыз үйде саудалау бойынша 22 деректі тіркеген. Былтыр бұл көрсеткіш 8 болған. Мемлекеттік органдармен жүргізіп отырған іс-қимыл көп пайда әкелуі үшін, директор жергілікті кәсіпкерлерді кеңес беру органдарына белсенді араласуға шақырды. Оның пікірінше, бұл комиссиялар жұмысының ашықтығын, билікке сенім арту деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді.

Экономикалық көрсеткішке назар аударатын болсақ, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында сомасы 33,5 млн теңге 16 несие үлестірілген. Оның ішінде мал шаруашылығына 9 несие, құс шаруашылығына – 3 несие, жүк тасымалына – 4 несие берілген.

Филиал директоры ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың төмен деңгейде болуының басты себептерін атады. Оның ойынша, оның басты себебі, ауылдардың облыс орталығынан алыс орналасқандықтан қаражатқа қол жеткізудің мүмкін еместігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар ауданда кәсіби және техникалық білім беру мекемелері жоқ. Сол себепті маман тапшылығы бірден байқалады. Алайда өз ісін бастасам деушілердің саны артып келеді. Есеп беру кезеңінің ішінде Кәсіпкерлерді қолдау орталығы 303 кәсіпкерге қолдау көрсеткен. Олардың көпшілігі оң нәтижеге қол жеткізіп отыр екен.

Солардың бірі – Оксана Жақыпова. Ол жақында мемлекеттік бағдарламамен несие алды. Кәсіпкер сүт өндіру бағытында сиыр өсірумен айналыспақ. «Атқарылған шаруалардың нәтижесі үшін Кәсіпкерлер палатасына алғыс айтқым келеді. Сіздердің тәжірибелі мамандарыңыздың арқасында менің арманым орындалды. Мен оқыту курстарын жиі ұйымдастыруды ұсынамын. Ол біз үшін аса қажет», – деді кәсіпкер. Залда отырғандардың арасында да  алғыс білдіруші кәсіпкерлер көп кездесті.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов есеп беру кездесуін қорытындылай келе, жиналғандарды ауыл бизнесін дамытуға шақырды. Сондай-ақ Палата жұмысы шағын және орта бизнес субъектілерінің пікіріне байланысты бағаланатынын атап өтті.

«Жамбыл ауданы, негізінен, ауылшаруашылық саласына бағытталған. Соған қарамастан басқа да салаларды дамытуға болады. Өсімдік шаруашылығын, құс шаруашылығын, мал шаруашылығын және қайта өңдеу өндірісін, әр түрлі қызмет көрсету салаларын жандандыру керек. Мен біздің осы бағыттағы бірлескен жұмыстарымыз оң нәтижесін береді деген ойдамын», – деп қорытындылады ӨКП басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер