«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылдағы іскер әйелдер саны көбейіп келеді

2016 жылғы 24 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8717 просмотров

Жергілікті бизнесвумендердің бизнес-идеялары мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асты

Алға қойған мақсатын іске асыру үшін барын салған Тимирязево ауылының қос кәсіпкері бүгінде өз еңбектерінің жемісін көріп отыр. Солардың бірі – Айжан  Нұрахметова. Кәсіпкердің бизнесте жүргеніне де біраз жылдар болыпты. Бүгінде, Айжан  Нұрахметова ет дүкеніне жетекшілік етсе, жұбайы – аудандағы ең ірі шаруа қожалығының басшысы.

Жақында аталған әскер әйел өз ісін кеңейтуді жөн көрген. Нарықты зерттей келе, ол ет өнімдеріне деген сұраныстың мол екеніне көз жеткізеді. Сонымен қатар, кәсіпкер мал өсіру үшін, Үкіметтің жан-жақты қолдау көрсететінін білген. Жоба сомасы 3 млн теңгені құраған. «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету» АҚ арқылы алған мемлекеттік қаржыға, кәсіпкер ет өңдеуге қажет құрылғыларды сатып алады. Олардың қатарында электр ет тартқыш, вакуумды қаптаушы, тоңазытқыш камералары, ыстау камералары және т.б. бар. Бүгінде білікті кәсіпкер болашаққа жоспар құрып, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде нық сеніммен алға жылжымақ.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеке кәсіпкер Татьяна Капарушкина да өз мақсатына қол жеткізе алды. 4 млн теңге несие алған соң, жаңа қондырғы мен дүкен алып, жобаны іске қосты.

Жалпы Палатаның Тимирязов ауданы филиалының көмегімен 30 млн теңгеден астам сомаға тең 20 бизнес-жоспар жасалған. Олардың барлығын несие ұйымдары оң қабылдап, қаржы бөлген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер