Шетелдік инвесторларды Шығыс Қазақстан облысының әлеуеті қызықтырады
«Altai invest forum» халықаралық форумы аясында облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий қатысушыларға Өңірлік даму картасын таныстырды
Оның айтуынша, Картаның негізгі міндеті – өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының инвестициялық әлеуетін анықтау, инфрақұрылымды және басқа да қажетті жайттарды қамтамасыз ету.
«Алтай Invest-2016» форумы Шығыс Қазақстан облысында өндірілген өнімдер көрмесінен және жобаларды таныстырудан басталды.
Өңір үшін ірі әрі жылдың айтулы іс-шарасына жүздеген қаржы институттарының өкілдері, инвесторлар және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. ШҚО-ның әлеуетімен танысуға Ауғанстан, Болгария, Испания, Италия, ҚХР, АҚШ, Словакия, Чехия, Нидерланды, Ресей, Польша, Тәжікстан, Түркиядан келген қонақтар ниет білдірді.
14 елден келген 300-ден астам делегат пленарлық отырысқа, роуд-шоуға қатысып, меморандумдарға қол қойды.
«Қазіргі таңда инвестиция тарту мен кәсіпорындардың қолда бар ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану басты тақырыпқа айналып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда инвестициялық әлеуетін қалыптастыру және аймақтық экономиканы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу аса маңызды», – деп атап өтті Игорь Шацкий.
Жалпы алғанда республика бойынша қарастыруға 370 жоба келіп түсті. Оның ішінен сомасы 460,9 млрд теңге болатын 161 жобаны Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу агенттігі (ИРЗА) іріктеп алды және оның ішінде 23 жобаға нақты инвесторлар қызығушылық танытып отыр.
2016 жылдың соңына дейін порталға өңірлердің мамандануын және ішкі резервтерді ескере отырып, 250 жобаны орналастыру жоспарлануда.
2016 жылдың 20 қазандағы жағдайы бойынша, ШҚО Даму картасына 17 жоба ұсынылды. Олардың барлығы толық экономикалық сараптамадан өтіп, Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу агенттігі мақұлдаған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: