«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еңсеңді көтер, ауыл кәсіпкері!

2016 жылғы 20 Қазан
- Павлодар облысы
9963 просмотров

Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы ауыл кәсіпкерлерінің белсенділігін арттыруға шақырды

Аудандар мен моноқалаларға жасалған сапарлар кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері жөнінде жақ аша бермейтінін көрсетті.

«Біз тіпті шалғай жатқан ауылдық округтердің кәсіпкерлерімен кездестік. Жалпы айтқанда, бұл біздің міндетіміз болатын. Аудандарға барған сайын, біз бизнесмендерді ашық әңгімеге тарттық. Жүйе солай қалыптасқан шығар, кәсіпкерлер өз мәселелерін өздері шешуге тырмысып, әлек болуға үйреніп қалған. Міне, біз дәл осындай амалдармен күресудеміз», – деп түсіндірді ӨКП директоры Серік Байсейітов.

Көптеген аудандарда проблемалар жүйелі сипат алған. Бұл – кепілдік мүлік, несиелендіру мәселелері, өнімдерді өткізуге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, жер телімдеріне қатысты мәселелер. Мал жаю да бірқатар аудандар үшін түйіткілді мәселе екен.

Мәселен, Ертіс ауданында кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама бойынша мал сатып алған, бірақ оны жаятын жер жоқ. Оның айтуынша, ауылдан қашық жерде ғана мал жаюға рұқсат етілген, ал жалпы жайылымдарға рұқсат жоқ. Осы себептен де кәсіпкер өңірден көшіп кету жағын ойластыруда. Ондай адамдар аз емес.

Тоқ қуатының жетіспеушілігі де өзекті мәселе болып тұр. Көптеген жылдардан бері кәсіпкерлер өндірісті толық іске қоса алмай отыр. Оған себеп – желілерді жаңғырту қажеттігі.

«Айтылған мәселелердің көбі мемлекеттік органдардың немқұрайлығынан әлі күнге дейін шешілмеген. Кәсіпкерлер жазған өтініштеріне жалпылама жауап қана алады. Сондықтан біз барлық мәселелерді Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында талқылауды жоспарлап отырмыз. Оған ауданның бірінші басшылары шақырылады», – деді ӨКП Өңірлік кеңесінің төрайымы Райхангүл Сатабаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер