«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Канадалық сарапшының құнды сабақтары

2016 жылғы 19 Қазан
- Павлодар облысы
9889 просмотров

Облыста «Аға сеньорлар» жобасы жүзеге асуда

Өңірге алғаш рет Канададан көлік және логистика саласы маманы Пьер Гелгот маңызды сарапшылық міндетпен келді. Маманның мақсаты – басқарудың жаңа әдістерін енгізу, логистика, стратегиялық жоспарлауды жандандыру және қызметкерлерді нақты кәсіпорын ауқымында оқыту болып табылады.    

Шетелдік сарапшының өңірге келуі «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында мүмкін болып отыр. 

Оған кез келген адам қатыса алады. Бизнес саласындағы білімін тереңдетіп, біліктілігін арттырғысы келетін кәсіпкер Кәсіпкерлер палатасына өтініш беруі тиіс. Өтініш сарапшыларды іріктеу бойынша халықаралық шетелдік ұйымдармен бірге  қаралатын болады.

Осы сынды мүмкіндікті алғашқылардың бірі болып «Jet logistic» көлік-логистика компаниясы пайдалана алды. Жақында ғана сарапшы, облыстық палата мен кәсіпкер арасында үш жақты келісімшартқа қол қойылды. Онда барлық талаптар көрсетілген.

«Біз ірі шетелдік компанияларда жұмыс жасаған, тәжірибесі мол сарапшыларды ғана тартамыз. Бұл біздің бизнесмендер үшін, олардың салалары шетелде қалай дамып келе жатқанын білудің, өндірісті дамытудың бұдан да тиімді жолдарымен таныс болудың, бизнесті халықаралық стандарттарға сай келтірудің тамаша мүмкіндігі. Әрине, бұл компанияны дамудың сапалы жаңа сатысына өтуге күш беретіні сөзсіз», - деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов.

Айта кетерлігі, бизнес тарапынан кететін шығындар көлемі өте аз болмақ. Шығындардың көп бөлігін мемлекет өз мойнына алады.  

«Енді отандық бизнеске «өз сорпасында қайнаудың» қажеті жоқ. Олар әр уақытта тәжірибесі мол шетелдік әріптестерінен кеңес ала алады. «Аға сеньор» құрамдауышы, сондай-ақ, іскери байланыстар орнатуға көмек береді. Палата, өз кезегінде, жоба операторы ретінде, үшжақты келісімшарттың барлық талаптарының орындалуын қадағаламақ», - деп атап өтті С.Байсейітов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер