«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жылдық жұмыс жоспарын өзгерту мүмкін бе?

2016 жылғы 18 Қазан
- Жетісу облысы
8311 просмотров

Аталған мәселе қалалық кәсіпкерлер кеңесінде талқыланды

Текелі моноқаласында қалалық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың шілде айында ӨКП мен Өңірлік кеңес бизнес-қауымдастық пен жергілікті атқарушы органдар алдында Кәсіпкерлер кеңесінің қаулысын таныстырған еді. Отырысты Кеңес төрағасы, «Текелі тау-кен өңдеу зауыты» ЖШС директоры Бақыт Шалбаев ашты. Кеңес төрағасы қатысушыларды бизнестің жай-күйімен таныстырып, алға қойылған бірқатар міндеттер туралы айтып берді. Ол өз кезегінде, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдарға аталған мәселелерді назарға алу қажеттігін жеткізді.

Осылайша, Кеңес мүшесі, «Art kz» ЖШС атқарушы директоры Евгений Майерле тау жұмыстары жоспарын ұсыну ретінің өзгеруі туралы мәселені қозғады.

«Нарық жағдайының тез өзгеруіне, елдегі экономикалық жағдайға байланысты, өндіріс көлемін, салық аударымдарын, өндіріс шығындарын және т.б. 25 жылға жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан, жер қойнауын пайдаланушыларға қажет болған жағдайда, жылдық жұмыс көлемдерін түрлі мөлшерде өзгертуге мүмкіндік беру керек. Бұл ретте, кен орнын өңдеу технологиясы өзгермеуі тиіс.  Қатты пайдалы қазбаларға, жалпы таралған пайдалы қазбалар мен суға қатысты жылдық жұмыс жоспарына сай,  жер қойнауын пайдалануды және зерттеуді өкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзырлы органдары атқаруы тиіс. Осы орайда, сараптамадан өтуді алып тастаған жөн. Себебі, олар кен орнын өңдеудің техникалық жобасын жасаған болатын. Қайта есептеуге келісімшарттың тек жоспарланған мерзімдегі жұмыс жоспары жатқызылады» , – деп атап өтті ол. Кәсіпкерлер, аталған мәселені әзірге тек қалалық деңгейде көтеретіндіктерін айтты. Алайда, егер олардың өтініштері ескерілмесе, онда оны облыстық және республикалық деңгейде талқылайтындарын жеткізді.  

Сондай-ақ, кездесуге қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы шақырылған еді. Жандос Түсіпбеков Кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап беріп, мәселені түсіндіріп өтті. Оның ішінде, өнімді ауыл шаруашылық жәрмеңкелері арқылы сату мәселесі де талқыланды.

Сонымен қатар, Кеңес хатшысы, филиал директоры Тұрысбек Жұмаділов Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге бизнес-қауымдастықтың қатысатынын айтып, шаралар жоспарымен таныстырды. Оның айтуынша, келесі жылы Кәсіпкерлер аллеясында биіктігі  25 метр болатын мемлекеттік ту орнатылып, ағаштың жаңа түрлері отырғызылады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер