«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпорындар мемлекеттік тапсырысқа мұқтаж

2016 жылғы 18 Қазан
- Қарағанды облысы
10818 просмотров

Қарағандыдағы алты тігін фабрикасы дәрігерлерді сапалы киімдермен қамтамасыз етуге дайын

Қарағандыда өткен медициналық киім-кешектер көрмесі отандық өндірушілердің сапалы өнім шығара алатындығын тағы бір дәлелдеп өткендей. Бағасы 3500 мыңнан 7000 теңгеге дейінгі хирургтар мен медбикелердің халаттары, жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған формалар сапалы мақтадан тігілген, ұзаққа жарайды, деп сендіреді өндірушілер.

Бұрынырақ жазғанымыздай, қазіргі мемлекеттік сатып алулар тәжірибесі отандық өндірушілерге мемлекеттік сатып алуларға толыққанды қатысуға мүмкіндік бермейді, өйткені жергілікті жерде тілілген киімдер баға бәсекесіне төтеп бере алмайды. Баға тұрғысында мың теңгедей ғана айырмашылық болса да, тапсырыс берушілер қытайлық ортаңқол дүниелерді құп көреді, салдарынан сапасы төмен болғандықтан, дәрігерлер жапа шегеді.

«Тандем XXI» компаниясы медициналық халаттармен қоса, медициналық мекемелерге арналған орамалдар мен төсек-орын жабдықтарын тігеді. 2011 жылы ел Үкіметінің ҚР қоғамдық бірлестіктері мен ҚР мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан тауарларды, жұмыстар мен қызмет түрлерін сатып алу ережесіне қатысты қаулысы шыққанға дейін кәсіпорын облыстағы көптеген ауруханалар мен емханаларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп келген еді.

«Барлық мемлекеттік медициналық мекемелердің басшылары осы қаулыны басшылыққа алады. Көрме облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы күні өтті. Алайда нақты келісімдерге қол жеткізе алған жоқпыз. Мұнда басқа әдістер керек, өзара қызығушылық болуы үшін заңнамалық деңгейде жағдай жасау қажет», – дейді «Тандем XXI» ЖШС директоры Людмила Мартюхина.

«Азия Тех» ЖШС басшысы Наталья Морозова да тендерлерде жеткізушілердің тағдырын жақсы сапа емес, арзан баға шешетінін айтады.

«Қазіргі сәтте бұқаралық тапсырыс беруде біз өзімізді еш көрсете алмай отырмыз. Саудагерлер бағаны орташа нарықтық деңгейден біршама түсіріп жібереді де, тапсырыстарды Қытай фабрикаларынан алады», – дейді ол.

Айта кетерлігі, Қытайда тігілген медициналық костюм бар-жоғы 2-ақ мың теңге тұрады, ал сапалы тігілген отандық медициналық костюмнің бағасы – 5 мың теңге. Бюджетті үнемдеу арқылы дәрігерлер тіпті санитарлық нормаларға сай келмейтін киімдермен жұмыс істейді, сондықтан арнайы киімдерді өз қалталарынан ақша шығарып сатып алуға мәжбүр. Отандық өндірушілер өз өнімдеріне кепілдік береді. Оған қоса кәсіби сәндегі заманауи тенденцияларды қадағалап отырады, тігін кәсіпорындарының штатында білікті дизайнерлер жұмыс істейді.

Жергілікті тауар өндірушілерді ілгерілету мақсатында өткен шара сатып алуларды мониторингілеу жөніндегі комиссия жұмысының аясында ұйымдастырылғанын айта кету керек. Комиссия жұмысының негізгі бағыты – мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде отандық өндіріс тауарына басымдық беру арқылы отандық өнімдерді сатып өткізу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер