«Атамекен» мен Ресей туризм агенттігі саланы бірлесе дамытуға келісті
Бүгін Мәскеуде РФ Туризм бойынша федералды агенттігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға отырды
Құжатқа Ресей туризм агенттігінің жетекшісі Олег Сафонов мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қол қойды.
Ынтымақтастық келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылмақ: тараптар қызметін өркендету әрі жетілдіру; тараптар ұйымдары мен кәсіпорындары арасында әріптестік орнату және бірлескен ынтымақтастық үшін платформа құру; туристік индустрияны дамытуда сараптамалық көмек көрсету; туристік салада ынтымақтастықты жандандыру мақсатында бірлескен шараларға қолдау көрсету әрі оны ұйымдастыру; ЕАЭО аясында ықпалдастық процестерді дамыту мәселелері бойынша ортақ әдістерді даярлау.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында өткізілетін семинарлар, көрмелер, конференциялар мен өзге де осы сияқты шараларға екі елдің туристік субъектілерінің белсенді түрде қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау туралы уағдаласты. Сондай-ақ, екі жақ туристік бизнесті жетілдіру әрі оған қолдау көрсету саласында тәжірибе алмасуға, туристік саланы дамытуға бағытталған қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын іскерлік ақпаратпен бөлісуге келісті. Мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру және тағы басқа мәселелер де назардан тыс қалмады.
РФ ҚР Сауда өкілдігінің қолдауымен өткен кездесу барысында, қосжақты туризмді дамыту аясында өзара байланыс, трансшекаралық туристік бағыттарды құру, көлік-логистикалық әлеует пен визалық және көші-қон жайттары және өзге де мәселелер қаралды.
Көрші елдер ЕАЭО нарығы аясында туристік бағыттарды дамытуды жоспарлап отыр.
Меморандум шеңберінде тараптар арасындағы нақты шаралар әзірленеді деген келісімге қол жеткізілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: