«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңдағы өзгерістер бойынша кеңес берілді

2016 жылғы 13 Қазан
- Астана қаласы
10239 просмотров

Астананың мыңнан астам бухгалтері салық заңнамасындағы өзгерістерге қатысты кеңес алды

Бухгалтерлер күнініне орайластырылған семинарды Кәсіпкерлер палатасы Астана қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаментімен және Орталық бухгалтерлер үйімен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар аясында, 2017 жылы күшіне енетін салық өзгерістеріне қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Салық салу және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру үшін заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов баяндады.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов мұндай семинарлардың елордада өтуі дәстүрге айналғанын атап өтті. Мақсат – ҚР заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру және мемлекеттік органдар мен бизнес арасында дәнекер болу арқылы Астананың кәсіпкерлік ахуалын жақсарту.

Орталық бухгалтерлер үйінің өкілдері салық заңнамасындағы өзгертулер мен толықтыруларды және жеке табыс салығын есептеу тәртібін түсіндірді.

Семинар барысында қатысушылардан 78 сауал келіп түсті. Оның жауабын Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми парақшасынан оқи аласыздар (astana.kgd.gov). Семинарға елордада жұмыс істейтін мыңнан астам бухгалтер қатысты.

Семинар соңында кофеқайнатқыш, мультиварка сынды бағалы сыйлықтар және сертификаттар табыс етілді. Оны Астана қаласы Орталық бухгалтерлер үйі ұйымдастырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер