«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талдықорғанда Бухгалтерлер клубы құрылды

2016 жылғы 13 Қазан
- Жетісу облысы
8548 просмотров

Клубтың бірінші отырысы 19 қазан күні өтеді

Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Бухгалтерлер клубы өз жұмысын бастайды. ӨКП жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Анар Қалабаеваның айтуынша, бірлестіктің қызметі кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік және салықтық мәдениетін арттыруға, маңызды деген бухгалтерлік және салық заңнамасын түсіндіруге бағытталған.

Клуб жұмысын пікірталас түрінде өткізу жоспарлануда. Оған мемлекеттік кірістер мен өзге де органдардың өкілдері, нарықтың кәсіби қатысушылары, аудиторлық компаниялардың өкілдері, аудиторлар мен бухгалтерлер қатысады деп күтілуде.

Клубтың алғашқы отырысы 19 қазан күні Кәсіпкерлер палатасында өтеді. Кездесуде электронды шот-фактураны және жұмыспен қамту бойынша есеп беруді енгізу талқыланады. Одан бөлек, отырысқа видеобайланыс арқылы шалғайдағы аудандар мен ауылдардағы бухгалтерлер де қатыса алады.

Қызығушылық танытқан тараптар 14 қазанға дейін толғандырып жүрген мәселелерін күн тәртібіне енгізе алады.

Клубқа мүше болу үшін +7 (728) 401 498, 401 443 телефон нөмірі немесе a.kalabaeva@palata.kz электронды мекенжайы арқылы тіркелу қажет.

Бухгалтерлер клубының кездесулерін ай сайын өткізіп тұру жоспарлануда.

Бухгалтерлер клубының басқосуы мына мекенжайда өтеді: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 254 «а», Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер