«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік өмір салтына айналса...

2016 жылғы 13 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8742 просмотров

Бизнес-мектептер барлық техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде ашылды

Биылғы жылы облыста тағы 12 бизнес-мектеп ашылды. Өңірде барлығы 26 бизнес-мектеп жұмыс істейді. Онда барлығы 430 жас маман оқыды. Олардың ішінде 80-нен астам студент «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша курстан өтті. Жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру үшін осы білімнің рөлі қандай екенін, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлік туралы білімді қалыптастырудың маңыздылығы Кәсіпкерлер палатасында айтылды. Палатада өткен жиынға студенттер, ұстаздар және кәсіпкерлер қатысты. Жиналғандар бизнестің оңтайлы тәсілін, құралын, пішінін дұрыс таңдай білуге және тұтынушылардың сұранысын негізге ала отырып жаңа өнім таңдауға, бизнес-модель құрастырып, оны енгізе алуға студенттік кезден дағдылану керек деп атап өтті. Дәл осы үшін де өңірде «Бизнес-мектептер» ашылды. Ал жастардың назарын білім алуға бұру үшін,келесі жылы, колледж студенттері арасында бизнес-идеялар байқауын өткізу жоспарланып отыр


Еншілес ұйымдар

Серіктестер