«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Арманына қол жеткізді

2016 жылғы 13 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8588 просмотров

Облыстың тағы бір тұрғыны «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында арманын жүзеге асыра алды

Мақсат Ескендіров 26-да. Бала күнінен атқа құмар. Осыдан аз уақыт бұрын оған біреу сүйікті ісіңмен айналысып қана қоймай, сол арқылы табысқа кенелесің десе, сенбес еді. Көптеген ауыл тұрғындары сияқты Мақсаттың да қора салып, жылқы сатып ала қоятындай капиталы болмаған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу талаптары туралы білгенде, барлық нәрсенің мүмкін екенін түсінді. 2016 жылы бағдарламаның екінші бағыты аясында Мақсат Ескендіров Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов ауданындағы филиалына барды. Кеңес берушілер бағдарламаға қатысу шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Барлық қажетті құжаттарды жинастырып болған соң, оны «Жұмыспен қамту орталығына» жіберді. 3 миллион теңге болатын несиені рәсімдеуге екі аптадан астам уақыт кетті. Енді Мақсат мал сатып алып, екі жұмыс орнын ашты. Алда жоспар жетерлік, ең бастысы, арманының орындалғанына риза.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер