«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай нарығына электронды сауда арқылы шыққыңыз келсе...

2016 жылғы 12 Қазан
9978 просмотров

Өз өнімдерін «JUMORE» интернет-алаңы арқылы сатуға тілек білдірген кәсіпкерлерге хабарландыру

Қазіргі таңда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қытайда көтерме сауда жасау мақсатында «JUMORE» атты қытайлық ірі электронды сауда алаңымен келіссөз жүргізуде. Арнайы «Қазақстан» атты бөліміне қазақстандық өндірушілер мен олардың өнімдері туралы ақпараттар жариялау мүмкіндігі қаралуда.

Егер қызығушылық танытқан жағдайда, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына («Атамекен» ҰКП-ның еншілес құрылымы) компанияның атауын, экспортқа шығарылатын тауардың атауын, өнімнің көлемін, жауапты адамның байланыс нөмірлерін (телефон және e-mail), компанияның заңды мекен-жайын a.akhmetzhanova@palata.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін Әмина Ахметжановаға хабарласуға болады (Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының серіктестік орнату бөлімі). Телефон нөмірі: 8 (7172) 27-90-54 (ішкі 221).

Анықтама. «JUMORE» компаниясы «B2B» форматында трансшекаралық электронды сауда-саттықпен айналысады. Барлық жетекші салаларды қамтиды: химия, түсті металлдар, пайдалы қазбалар, энергетика, ауыл шаруашылығы өнімдері, туристік және басқа да қызмет түрлері. «JUMORE» брендті павильоны бүкіл әлем бойынша түрлі салалардағы үздік кәсіпорындарды ұсынады, тіркелген кәсіпорындарды жаһандық ілгерілетуге көмектеседі, брендтің танымалдығын арттырып, сауда арналарын кеңейту мүмкіндігін ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер