«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа агрокешен бағдарламасы талқыланды

2016 жылғы 12 Қазан
9727 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы талқыланды

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасымен таныстырды.  Жобаны қарастыруға Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҰКП-дан басқа, бизнес өкілдері, салалық одақтар және қауымдастықтар қатысты.

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мемлекеттік бағдарламадағы негізгі екпін Қытай, Ресей, Үндістан, Орталық Азия және Таяу Шығыс сияқты елдерге экспорттық саясат мәселелеріне бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ басымдықтардың бірі азық-түлік қауіпсіздігі – өнім сапасын арттыру, оның өзіндік құнын төмендету және қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бағдарламаның негізгі мәні: «Дайынын сатқанша, өтімді өнімді өзіміз өндірейік».

Айтуғанов өз сөзінде жаңа құжат аясында АӨК-ті дамыту үшін жоспарланған негізгі шараларды атап берді. Сонымен оның айтуынша, «өсімдік шаруашылығы» бөлімінде мыналар қарастырылған: бидай өнімін төмендету есебінен сату нарығында сұранысқа ие дақылдардың аумағын кеңейту жолымен саланы әртараптандыру, тұқым өндірісіндегі мемлекеттік қолдауды жетілдіру, апатты жағдайдағы су қоймалары мен арналарды жаңадан салу немесе қайта жөндеу арқылы суармалы егіншілікті дамыту, аумағы 610 мың га аумақтағы суару инфрақұрылымын қалпына келтіру, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауды арттыру және т.б.

Мал шаруашылығында көпжылдық шөптердің,  балық шаруашылығы, ара шаруашылығы, марал шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, түйе шаруашылығы алаңдарын ұлғайту және субсидия көлемін арттыру жолымен жем-шөп базасын дамыту, мал басын субсидиялаудан түпкілікті өнімді субсидиялауға өту, жұмыртқа және т. б. өнімдерді субсидиялау есебінен құс етін өндіруді субсидиялауды арттыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ бағдарлама сатып алу және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кооперативтер құруды, несиелеу мен сервистік қызмет көрсетуді, көтерме-тарату және сауда-логистикалық орталықтарды ынталандыруды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарацияларды түрлендіруді, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ-ның несиелік саясатын және қаржы құралдарын қайта қарауды, сақтандыру және кепілдендіру жүйесін дамытуды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорынның пайыздық бағасын субсидиялауды,  иновациялық технологиялар трансфертін қолдануды қамтамасыз етеді.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан, «Атамекен» ҰКП бірнеше рет көтерген «АӨК саласын дамытудың бағдарламалық құжаты макроұсыныстың мақсатты көрсеткіштерін қамтуы тиіс» деген  ұсынысы ескерілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанның ішкі нарығы шағын болғандықтан, өнімді соған ғана бағыттау дұрыс емес екенін де айта кетті. Сол себепті министрлік мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасының негізі ретінде өндірілген ауыл шаруашылығы тауарын экспорттау бағытын дұрыс қарастырған.

«Атамекен» ҰКП жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мынадай ауыл шаруашылығы өнімдерінің саны артты деп есептейді: өсімдік майы – 2 млн тоннаға (4-5 есе), сиыр еті – 400 мың тоннадан 800 мың тонаға (2 есе), құс еті – 140 мың тоннадан 500 мың тоннаға, қой еті – 160 мың тоннадан 300 мың тоннаға, балық – 10 есеге, алма – 150 мың тоннадан 1 млн тоннаға (6 есе), жылыжай көкөністері – 150 мың тоннадан 500 мың тоннаға. Аталған тауарларды жүзеге асыру кезіндегі жалпы экспорттық түсім 2 есеге артады. Бұл Қытайдың ауыл шаруашылығы импортынан 6% көп. Сонымен қатар, Қазақстанның Қытайға ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттайтын он елдің қатарына кіруге мүмкіндігі бар және бізде Қытай тарапынан саяси ерік-жігер бар», –деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ Нұржан Әлтаев бағдарлама бойынша ҰКП ұсынысын баяндады. «Біріншіден, бізде ұзақ мерзімді болжам болу үшін, осы бағдарламаның әзірлену мәселелерін 10 жыл мерзімде қарау керек деп есептейміз. Біз кәсіпкерлермен сөйлесеміз. Әңгіме мемлекеттік қолдау туралы болғанда, олар қабылдап үлгере алмайтын күнделікті өзгерістер жайында айтады», – деді ол.

«Атамекен» мемлекеттік қолдаудың басты салаларына сиыр етін, жылқы етін, шошқа етін, қой етін, дәнді, дәнді-бұршақ және картоп, мақта өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қосуды ұсынып отыр. «Мемлекеттік қолдау шаралары экспорт инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз етуге бағытталатынын осы жерден қарастыру керек», – деп пікірін білдірген Нұржан Әлтаев Ұлттық палатаның бағдарлама тұжырымдамасымен келісетінін атап өтті.

Бизнес-қауымдастық тарапынан мемлекеттік бағдарлама қызметін жетілдіру мәселелері бойынша министрліктің жүргізген жұмыстары ерекше аталды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламанының жүзеге асырылу тиімділігін жақсартып, агроөнеркәсіп кешенінің дамуына айрықша үлес қосатын бірқатар ұсыныстар айтылды.

Қатысушылар агроөнеркәсіп кешенінің дамуын айқындайтын факторларға инновациялық жаңа технологияларды енгізу, экспорттық инфроқұрылымды дамыту, аграрлық секторға қомақты инвестиция тарту және басты бағыттарын анықтау жататынын атап өтті. Және де еліміздің аграрлық секторының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан сыртқы нарыққа бірыңғай қазақстандық брендпен  шыға алатыны мәлімделді.

Жиын қорытындысы бойынша бизнес-қауымдастық Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің дамуына себепкер болатын бірқатар ұсыныстар енгізді. Ол өз кезегінде еліміздің өндірістік қауіпсіздігіне оң әсер етіп, осы салада тиімді реформа жүргізілуін қамтамасыз етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер