14 қазанда Мәскеуде "Қазақстанның туристік әлеуеті" атты халықаралық конференция өтеді
Конференцияны ұйымдастырушылар – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының сауда өкілдері, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ РФ-дағы ҚР Елшілігі және РФ Мәдениет министрлігінің Туризм жөніндегі федералды агенттігі
Шараның мақсты – Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру, Қазақстан мен Ресей арасында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ресейлік туристік компанияларға туристік өнімдерді таныстыру.
Конференцияға ресейлік танымал туристік операторлар мен агенттіктер, Туристік операторлар қауымдастығы, Ресей туриндустрия одағы қатысады. Одан бөлек В2В форматтағы кездесулер ұйымдастырылады.
Конференция аясында "Атамекен" ҚР Кәсіпкерлер палатасы мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің Туризм жөніндегі федералды агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: