«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Есеп берудің жаңа түрі ескертілді

2016 жылғы 06 Қазан
- Алматы қаласы
5738 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында статистикалық есеп беруді дайындау рәсімдері түсіндірілді

Еске сала кетсек, Кәсіпкерлік кодексінің 29-бабында мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға қандай статистикалық және әкімшілік мәліметтер ұсынылуы қажет екендігі көрсетілген. Барлық мәліметтер жергілікті жерлердегі статистика органына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитет төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №71 «Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылу статистикасы бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығана сәйкес ұсынылуы тиіс. Аталған статистикалық мәліметтерді дер кезінде тапсырмаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 497-бабына сәйкес әкімшлік жауапкершілік бекітілген.

Жоғарыда аталған баптың талаптарын бұзған жағдайда, тартылады:

1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну – ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау – жеке тұлғаларға – 10, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 14, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер бойынша жеке тұлғаларға – 14, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер