«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағымдану тәртібі өзгереді

2016 жылғы 05 Қазан
9003 просмотров

Қазақстанда қазыналық тексеру қорытындыларына шағымдану ережелері өзгеруі мүмкін

Бүгін Үкімет отырысында салық саясаты мен салықтық және кедендік әкімшілік жүргізуді жетілдіру жөніндегі заң жобасы қаралды. Құжатты ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев таныстырды.

Заң жобасында электронды шот-фактураға көшу мерзімін ұзарту ұсынылған. Ірі салық төлеушілер үшін оны 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндеттеу көзделуде. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды шот-фактуралар ҚҚС төлеушілер үшін міндетті болады. Министр барлық тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу ұсынылып жатқандығын атап өтті (Салық кодексінде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу қаралған).

Заң жобасында салықтық және кедендік тексеру нәтижелеріне шағымданудың жаңа тәртібін бекіту қарастырылған. «Дауларды сотқа дейін реттеудің жаңа институты – Аппеляциялық комиссия ұсынылуда, оның негізгі ережелері заңға қосымша актілермен реттеледі», – деді Қуандық Бишімбаев.

Заң жобасындағы тағы бір жаңа тармақ арқылы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізімін құру тәртібін анықтау межеленуде. Сондай-ақ салық төлеушілердің ішінен мониторингке жататын коммерциялық емес ұйымдарды өз қызметі аясында табыс табу мақсатын көздемейтін ұйымдар ретінде шығарып тастау да таразылануда. Онда республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды жатқызу мақсат етіледі, «өйткені аталған ұйымдар мемлекеттік мүлік туралы заңға сәйкес есеп береді». «Сонымен қатар, осы Тізімге қала құрушы санатына жатқызылған жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаларды міндетті тәртіпте енгізу ұсынылуда», – деп сөзін жалғады министр.

Заң жобасында «ақпараттар алмасу бойынша халықаралық өзара қарым-қатынастарға, электронды аудитті енгізу мерзімін ұзартуға, ақша айырбастаудың нарықтық курсын анықтауға, резидент еместердің резиденттігін мақұлдау тәртібіне қатысты» толықтырулар енгізу қарастырылған.

Жаңа түзетулер туралы айтқан ұлттық экономика министрі «кедендік әкімшілік жүргізу, уақытша сақтау қоймаларының қызметі, экономикалық операторлар уәкілдері, кедендік транзитті жеңілдету және кедендік операцияларды жүзеге асыру» мәселелеріне айрықша тоқталды.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер