«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Білім – табыс кілті

2016 жылғы 05 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
9710 просмотров

Айыртау ауданындағы 70-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер агроөнеркәсіп кешенінің басты бағыттары бойынша білім алды

Қазақстандағы фермерлердің көпшілігінің арнайы білімі жоқ. Бұл мәселе ауыл шаруашылығы саласының дамуына кедергі келтіріп отыр. Өйткені, баршаға белгілі, білім – табыс кілті! Айыртау ауданының фермерлері агробіліктілік бойынша өткізілген арнайы семинарда өз білімдерін толықтыра алды. Сарапшылар бірнеше күннің ішінде агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелері туралы, сондай-ақ өндіріске алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу қажеттілігі туралы баяндап берді. Өтетін дәрістердің тақырыптары да кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Олар: «Сүтті мал шаруашылығы» және «Асыл тұқымды репродуктивтер». Бұл тақырыптар аудан үшін аса маңызды. Қатысушылар атап өткендей, мұндай шаралар өндірісті жаңа сатыға шығарады. Сонымен қатар, бұл тәжірибе алмасуға арналған таптырмас алаң.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер