«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеті рет тексеріп, бір рет төле!

2016 жылғы 03 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8380 просмотров

Лицензиялық төлем төлеген кәсіпкер алкоголь өнімдерін сақтап, сатқаны үшін 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын кеш білген

Мамлют ауданының кәсіпкері Юлия Маскальцова өз қызметінде түсініспеушілікке тап болған. Кәсіпкер Воскресеновка ауылында сауда жасаумен, оның ішінде, ішімдік өнімдерін сатумен айналысады. Лицензиялық төлемді жүзеге асыруға берілген мерзімнің соңғы күні, 20 шілдеде Юлия Маскальцова поштаның жергілікті бөлімі арқылы төлем төлеп, өз қызметін одан әрі жалғастырған. Алайда, біраз уақыттан кейін кәсіпкерді мемлекеттік кірістер басқармасы шақыртқан. Онда ол бағдарламадағы олқылық салдарынан төлем 21 шілдеде қабылданғанын білген. Салдарынан, мемлекеттік кіріс басқармасы мамандары уақытылы төленбеген төлем үшін 318 150 теңге көлемінде әкімшілік төлем төлеуге міндеттеген. Осылайша,  Ю.Маскальцова СҚО Кәсіпкерлер палатасы филиалына көмек сұрап жүгінеді. Филиал директоры Нина Василенко шығарылған қаулының күшін жою үшін, сотқа жүгінуге кеңес береді. Мәселе сотта қаралып, сот оны шағым берушінің пайдасына шешкен. Н.Василенконың айтуынша, жыл басынан бері КП филиалы 30 бизнес субъектісінің 1 млн  теңгеге тең құқығын қорғап қалған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер