«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бос жұмыс орындары есебінің әлегі

2016 жылғы 29 Қыркүйек
- Ақмола облысы
5996 просмотров

Өңірлік палатаға наразы кәсіпкерлерден өтініштер түсіп жатыр

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы» бұйрығына қатысты дау-дамай әлі басылған жоқ.

Кәсіпкерлердің бұйрықпен таныс болмауының салдарынан жағдай ушығып кеткен. Сондай-ақ  өткен жұмада кәсіпкерлердің өтініші бойынша Өңірлік палата өз алаңында, әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру облыстық басқармасы өкілдерімен, сондай-ақ еңбек жөніндегі инспекцияның қатысуымен  дөңгелек үстел өткізді.

Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру облыстық басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина жиынға қатысушыларға есеп өткізудің талаптары туралы түсіндіруге тырысты (толығырақ мына жерде: http://palata.kz/ru/news/24100). Ол патент бойынша жұмыс істеп жүрген жеке тұлғалардың есеп өткізбейтінін атап өтті. Өйткені олар күнделікті жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайды. Сол себепті мамандық бойынша қажетті бос жұмыс орындарын көрсетпейді.

Сонымен қатар Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, есепті сегіз жерден қабылдап жатса да бірнеше күннен бері кезек күткендердің қарасы қалың.

«Үш сағаттан бері тұрмын. Бұл жерде бізге есепті  жеке кәсіпкерлер де, өз қызметін уақытша тоқтатушылар да, патентпен жұмыс істеп жатқандар да барлығы түгел өткізуі керек деп айтты. Ештеңені түсініп жатқан жоқпын. Ешкім анық ақпарат бермейді», – деп наразылығын білдірді жеке кәсіпкер Айгүл Б.

Кәсіпкер Сара Баймағамбетова да, түбегейлі болмаса да, қолжетімді ақпараттың жоқтығын айтты.

«Біз бар болғаны бұйрықты орындаймыз. Және де өздігімізше пікір білдіре алмаймыз. Бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға есеп өткізу туралы көрсетілген. Егер де менің әріптестерім, ведомствалық бақылау министрлігінің басқармасы, патент бойынша жұмыс істейтіндер есеп өткізбеуі керек деп есептесе, немесе әңгіме басқа да талаптар туралы болса, олар барлығына түсіндіру хаттарын жіберу керек», – деді Көкшетау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысы Қали Ахметов.

«Мерзімнің шектелуі жағдайды ушықтырып отыр. Өйткені құжатта кәсіпкерге есепті өткізбегені үшін емес, уақытында өткізбегені үшін айыппұл салады деп көрсетілген. Естеріңізге сала кетсек, өңірлік палата кәсіпкерлерге қандай мәселеде болмасын көмек көрсетіп отыр. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Кәсіпкерлерді қолдау  орталығы базасында кеңес берушілер есеп беру формасын қалай толтыру керектігін көрсетіп жатыр», - деп атап өтті ӨКП директоры Еркебұлан Баяхметов.

Түсінбеушілік туралы бірер сөз... Бизнес өкілдері мынадай сауал қойып отыр: не себепті денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы бойынша толық ақпараттандыру жұмыстары жүргізілмеді? Сонымен қатар, ведомствалар министрлігіне бағынатын өкілдер түсіндіру жұмыстарына байланысты өкілеттіліктерді анықтай алмай отыр.

Сондай-ақ жекелеген лауазымды тұлғалардың арасында жоғарыда айтылған бұйрықты кәсіпкерлік субъектілеріне  түсіндіру жұмыстарын жүргізу – Кәсіпкерлер палатасының құзіретінде деген ой қалыптасқан. Олар атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басымдықтарды дұрыс  таңдау жұмыстарын, жалпы алғанда, тұрғындар арасында ақпарат беру жұмыстарын ұйымдастыруда, және қысқа мерзімді есепке алғанда «кері байланыс» форматында жүргізуге міндетті екендіктерін ұмытқан сыңайлы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер