«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті өркендететін 10 қадам

2016 жылғы 29 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
6551 просмотров

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 10 қадам» бағдарламасының артықшылықтары туралы солтүстікқазақстандық журналистер біліп қайтты

Кәсіпкерлер палатасында БАҚ өкілдеріне «Атамекен» Ұлттық палатасының бизнесті дамыту жөніндегі жаңа бағдарламасы таныстырылды.

Бағдарлама жалпы 10 қадамнан тұрады. Олардың әрқайсысы кәсіпкерлер  бетпе-бет келетін өзекті әрі түйткілді мәселелерге қатысты болмақ. Өңірлік палата директоры Тұрар Ысқақов журналистерге әр қадамның орындалуы жергілікті бизнеске қаншалықты көмек болатыны жайында айтып берді.   «Бұл – экономиканы дамытуға түрткі болатын шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстар. Бірінші кезекте, ол микронесие мәселелеріне қатысты болып отыр. Ал ол Солтүстік Қазақстан үшін өте өзекті. Егер осы нарықтағы жағдайға қарасақ, микронесие беруші мекемелер әлі де аз екенін көреміз. Қолданыстағы мөлшерлемелер экономикалық мақсаттылықтан асып түсуде. Осыған орай, 5 облыста ҰКП кәсіпкерлерге шарттары тиімді әрі ыңғайлы микронесие беру бойынша пилоттық жобаны іске қосқан еді. Осындай шарттар арқылы қаржыландыру қолға алынса болашақта біздің өңірдің шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы да өте қарқынды болады деген сенімдеміз», – деді Тұрар Ысқақов. Сонымен қатар, КП директоры, өңір  РФ ірі нарығына жақын жерде орналасқанын ескере келе, тұрғындарды кәсіпкерлік негіздерін жаппай оқыту, экспортқа басымдық беру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуды көздейтін жобалардың маңыздылығына да тоқталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер