«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер құқығын қорғауда үздік үштікте

2016 жылғы 29 Қыркүйек
- Ақмола облысы
5763 просмотров

Палатаның құқықтық блок сарапшыларының жүргізген жүйелі жұмысының нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың құрылыс жұмыстары үшін "ТОП ЛТД" ЖШС алдындағы берешегі 276 млн теңге көлемінде айқындалды.

ӨКП заңгерлері араласқаннан кейін Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің қарызы қала бюджеті есебінен төленетін болды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысында ӨКП директорының орынбасары Валентина Геращенко атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Оның айтуынша, тек қана соңғы айда, мемлекеттік сатып алу саласы бойынша келіп түскен бірнеше өтініш өз шешімін тапқан. Мемлекеттік органдар "Инсект" ЖШС, "МСУ-А" ЖШС, "ТОП ЛТД" ЖШС сынды кәсіпорындардың құқықтарын бұзған. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілеріне ауыр мүліктік зиян келтірілген.

Су құбыры жүйесіне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізген "Инсект" ЖШС алдындағы міндеттерін уақытымен орындамаған Степногор қаласының әкімдігі компанияға белгіленген соманы осы жылдан кешіктірмей төлеуге тиіс.

Жеке кәсіпкер Олжас Қадыралин де құқықтық құжаттарына қол жеткізді. 2015 жылдың сәуірінен бастап қаладағы танымал кафенің иесі көлік тұрағы мен жазғы алаңға арналған жер телімін алу үшін талай мекеменің табалдырығын тоздырған.

Жеке кәсіпкер Юрий Савостиннің өзіне тиесілі дүкеннің су құбырын жүргізу мәселесі екі жыл бойы шешімін таппаған.

"Қасекенов К" ЖШС-ға мемлекеттік кірістер департаменті қосымша құн салығы және корпаративтік табыс салығы бойынша қосымша сома төлеу туралы хабарлама жіберген. Сонымен қатар, оның әріптесі «Меридиан» ЖШС-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қала прокуратурасы мен Палатаның бірлескен жұмысының нәтижесінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

Құқықтық блоктың қызметіне баға бере отырып, Кеңес мүшелері бизнес мәселелердің оң шешім тауып жатқанын атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, Өңірлік палата өткен тоқсанның қорытындысы бойынша кәсіпкерліктің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жолында үздік үштіктің қатарына енді.

Сондай-ақ отырыс барысында бизнес-қауымдастық өкілдерінің аймақтағы кеңесші органдарға қатысу мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласындағы 30 консультативтік органның құрамына бизнес-қауымдастық пен ӨКП өкілдері кіреді. Оның тоғызында бизнес өкілдерінің үлесі 50%-ды құрайды. Ал ауданда 121 консультативтік кеңес беру органы болса, оның 38-де 50% тепе-теңдік сақталған.

Сараптамаға сай, ӨКП өкілдері Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы кеңесіне, сондай-ақ өңірдің бюджет комиссиясы құрамына әлі күнге дейін енгізілген жоқ. Кездесуге қатысушылардың солардың қатарына Кеңес мүшелерін енгізу туралы ойлары бір жерден шықты. Сондай-ақ облыстық және қалалық жер комиссиясының құрамын қайта қарау сөз болды, онда әлі күнге дейін кәсіпкерлердің үлесі 50%-ға жетпейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер