«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тез үй салу тәсілі

2016 жылғы 28 Қыркүйек
- Жетісу облысы
7701 просмотров

Кәсіпкер үйлерді тез тұрғызудың технологиясын үйренді

Жас кәсіпкер, «Просто Дом» компаниясының директоры Дархан Айтқазы фин технологиясы бойынша, кез келген нысанды сала алады. Компанияның ашылғанына бар-жоғы бір жыл толса да, ол бірнеше үйлер мен ғимараттар салып үлгерген. Ал бизнеспен айналысу туралы идея оған Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында жұмыс жасап жүрген кезінде келген. Жобаларды қолдау бөлімінің бұрынғы сарапшысы өңірге Татарстаннан келген кәсіпкерлер делегациясының сапарынан соң, өз бизнесін ашқан.

«Бір жыл ішінде біз төрт жекеменшік үй мен бір пансионат салдық. Біз үйлерді инновациялық технологияларды пайдалану арқылы саламыз. Қаламызда біздікі сияқты компания әлі жоқ. Мұндай үйлердің артықшылығы – олардың панелінде. Себебі, олар экомақтамен жылытылған, олар жылуды сақтап қана қоймай, сонымен бірге ауаны да жақсы өткізеді. Яғни, адам денсаулығына еш зияны жоқ», – дейді кәсіпкер.

Компания аз уақыт ішінде тек үйлер ғана емес, сондай-ақ, кеңселер, көлікжайлар, моншалар, цехтар мен өзге де нысандарды салуды игерген. Green Board және SIP панельдері технологиясын қолдану құрылысқа жұмсалатын шығынды 5 есеге азайтады. Сондай-ақ, оның бір ерекшелігі ғимарат микроклиматын термо-, гидрореттеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, жоғары өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етіп, үйдегі жылуды ұстап тұруға мүмкіндік береді.  Сол себепті, құрылыс жылдың кез келген уақытында бар-жоғы бір айдың ішінде салынып бітеді.

Талдықорған өңірі үшін бұл – жаңа технология. Дархан өз тәжірибесін жас кәсіпкерлермен де бөлісуде. Жақында өткен жыл сайынғы ZhasCamp жастар бейресми конференциясында ол шеберлік сабағын өткізіп, өз бизнесінің сырларымен бөлісті. «Просто Дом» компаниясының жеткен жетістіктерінің қатарында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы пансионат құрылысы да бар. «Асар» қорының пансионаты биылғы жылы «Алакөл» көлінің жағажайында бой көтерген.

Ал осы айдың басынан бастап Дархан Айтқазы «BI-TDK» компаниясымен бірге «Сыйлықтар ал» байқауын жариялады. Басты сыйлық ретінде Талдықорғандағы ауданы 120 м2 болатын үй ұсынылып отыр. Акцияға қатысу үшін ерекше қаптамадағы флэшканы 5 мың теңгеге сатып алу қажет. Әрбір 500 қатысушы арасында смартфондар мен ақшалай сертификаттар ойналатын болады. Басты сыйлық «Жастар» орталық алаңында ойналмақ.

Акцияға қатысқандарға жеке үй құрылысына 5%-дық жеңілдік беріледі. Байқау нәтижелері мен қосымша ақпаратты www.bi-tdk.kz және www.prostodom.kz сайттарынан білуге болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер