«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық дизайнерлер дүкені ашылды

2016 жылғы 27 Қыркүйек
- Астана қаласы
14199 просмотров

Астанада Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен қазақстандық дизайнерлердің топтамаларын ұсынатын «FashionHanumCollection» мультибрендті дүкені ашылды

Жаңа сән дүкенінен«AidaKaumeNOVA», «Өрнек», «Нұр-Шах», «BIBISARA» және «Kenzhe» сән үйлерінің киімдерін сатып алуға болады. Бұл жердегі барлық өнім ең жоғары сапада.

Дүкеннің ашылуында танымал сән үйлерінен өзге жас дизайнерлердің топтамаларының таныстырылымы өтті.

«Жыл сайын біздің «Hanum» агенттігінің жанында «Сән мен сахна» атты сахналық киімдердің халықаралық фестивалі өтеді. Ол жерде жас сәнгерлер өз өнімдерін Қазақстан нарығында таныстыра алады. Және де бүгін біз үш жыл бойына дайындаған «Сән мен сахна» фестивалінің қатысушыларын ұсынып отырмыз. Олар «Joobfashion», «BBladies» брендтері, сондай-ақ Медина Сақтағанованың топтамалары», – деді жаңа дүкеннің басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, этнолог, дизайнер Ханым Айдаш.

Сондай-ақ ол, «Сән мен сахна» фестивалі сән индустриясындағы 10 жылдық табысты еңбегінің арқасында 40-тан астам қазақстандық дизайнерлерді шығарып, отандық телеарналар үшін 20-дан астам имиджмейкерлерді дайындағанын атап өтті. Қазір сол имиджмейкерлер Қазақстанның кино және эстрада жұлдыздарының образын жасап, киім үлгілерін дайындап жүр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер