«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жарты миллионға жуық АҚШ доллары кəсіпкер қалтасында қалды

2016 жылғы 26 Қыркүйек
9307 просмотров

ҚР Бас прокуратурасы Жоғарғы сот үкіміне наразылық білдіріп, істі қазақстандық кәсіпкерлік субъектісінің пайдасына шешті

Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі мен Бас прокуратураның араласуымен қазақстандық компания 460 мың АҚШ долларынан астам қаражатты үнемдей алды. 

2014 жылы «ҚазПолиметалл»ТКК» түрік компаниясынан төрт дана қымбат құрылыс техникасын сатып алған.  Өкінішке орай, қазақстандық компания 4-ші техниканың ақшасын кешіктіреді. Компанияның қарызы 460 мың АҚШ долларын құраған. 

Төлемақыны төлеу мерзімі өтіп кеткендіктен, сатушы «ҚазПолиметалл» ТКК» ЖШС-ін сотқа беріп, барлық төрт техниканы қайтарып беру және қарыз бен шығынды төлеу (820 мың АҚШ долларынан астам) туралы талап қойған.

Техниканы қайтарып беру келісімшартта көрсетілген жеткізу уақытымен орайластырылған. Ол бойынша сатып алушы төлемді төлеу мерзімін кешіктірсе, сатушы қолданыстағы келісімшартты бұзып, қондырғыны қайтарып алуға құқылы болғанымен, сатып алушы төлеген төлемдер қайтарылып беріледі деп бекітілмеген.

Алғашқы сот инстанциясы талап еткен міндеттердің кейбірі ғана орындалған. Осылайша, соңғы 4-ші техника бойынша (460 мың АҚШ долларынан астам) төлемақы сомасы мен өсімақы және мемлекеттік баж толығымен төленген.  Алайда, апелляциялық инстанция бұдан бөлек, сатушыға 4-ші техниканы да қайтарып беру туралы шешім шығарған.

Нәтижесінде, қазақстандық компания сот шешімімен сатып алынған тауармен қатар, оның құнын да төлеуге мәжбүр болған.

Жоғарғы сот аталған істі кассациялық инстанцияның қарауына жібермеген. Сол себепті, «ҚазПолиметалл»ТКК» ЖШС сот актілеріне шағым түсіру туралы өтінішхатпен Бас прокуратура мен бизнес-омбудсмен көмегіне жүгінеді. Бұл ретте компания мүліктік құқығын қорғау туралы өтініш білдірген.

Бизнес-омбудсмен аппараты Бас прокуратураға аталған мәселе бойынша өз ұстанымын білдірген. Осылайша, 2016 жылдың 3 тамызында бас прокуратура Жоғарғы сотқа шағым түсірген. Онда 460 мың АҚШ долларын төлеу туралы сот актілерін қайтарып алу қарастырылған еді. 31 тамызда Жоғары сот бас прокурордың шағымын қанағаттандырып, 460 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражат қазақстандық кәсіпкерлік субъектісінде қалды.

«Бұл жағдайда прокуратура ұстанымы қызық, – дейді бизнес-омбудсмен аппаратының сарапшысы Шыңғыс Теміров. – Бұл шағымда Бас прокуратура Азаматтық кодекстің 441, 442-баптарына сүйенеді. Егер тауарды сатып алушы келісімшартта көрсетілген мерзімде төлемге қатысты өз міндеттерін атқармаған жағдайда, сатушы жөнелтілген тауар құнын талап етуге құқылы немесе қаражаты төленбеген тауарды қайтарып алуға құқылы (азаматтық құқықты қорғаудың аталған әдістері баламалы әдіс болып табылады). Сатып алушы келісімшартта бекітілген мерзімде бөліп төленген тауардың кезекті төлемақысын төлемеген кезде, сатушы, келісімшартта басқа жағдайлар көрсетілмесе, келісімшартты орындаудан бас тартуға және сатылған тауарды қайтарып алуды талап етуге құқылы».

Сонымен қатар, шағымда Бас прокуратура келесі жайтты нұсқаған: «Азаматтық кодекс те, тараптармен бекіткен келіссөздер де жоғарыда аталған қорғау әдістерін бір уақытта көздеуді қарастырмайды. Себебі, ол әділдік, ақыл және мүліктік қатынастардың эквиваленттілік қағидаттарына сай келмейді. Бұдан өзге түсінік азаматтық заңнамаға қайшы болып қана қоймай, олардың негізгі бастауларына мен ақыл-ойға, қисынға қарама-қайшы келеді».

Аталған істе Бас прокуратура арқылы кассациялық істі қозғаудан бас тарту туралы Жоғары сот үкіміне қарсылық білдіру үлгісі жүзеге асырылған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер