«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Геннадий Жмук: «Ақшаны осылай сыпырып ала беретін болса, бизнес күн көре алмайды»

2016 жылғы 23 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
8658 просмотров

Мемлекеттік органдар тақырыптық тексерістерді санкциялауда, оған негіз ретінде аттарына жалған кәсіпорындар тіркелген, қаңғыбас дерлік контрагенттердің түсініктемелерін алып отыр

«Құю зауыттарының өндірістік бірлестігі» атты қарағандылық ЖШС – мемлекеттік органдардың соққысының астында қалған кәсіпорындардың бірі. Заңгер Юлия Ногайдың айтуынша, кәсіпорынға 140 миллион теңге есептелген, оның ішінде ҚҚС та, айыппұл да, өсімақы да бар. Олар өздерін кінәлі санамаса да, осы қаржыны төлеуге міндеттесе, бірден 800 адам жұмысынан айырылмақ.

«Бізді 2011-ден 2013 жылға дейін бір күндік фирмамен заңсыз келісімге келді деп айыптауда, - дейді ЖШС өкілі. – Алайда біз барлық жүргізілген операциялар бойынша толық есеп бердік, тіпті теміржол көлігімен тиегенге дейін. Бірақ бұл неге екені белгісіз қаперге алынбауда. Біз ұзақмерзімді әріптестік қарым-қатынаста болған тарап, яғни шойын құймалар жеткізіп тұрған әріптестеріміз бізбен байланыспай отыр. Біздің кінәміз не? Қазірше сот отырыстарында жеңіліс тауып келеміз, одан ары қарай да оң шешімін табатынына күмәндіміз. Алайда біз жұмыс істеп келген кәсіпорындардың барлығы әлі күнге ресми түрде жұмыс істемейді деп танылмаған. Бұдан ары қарай да күресеміз, өз құқықтарымызды қорғаймыз, Жоғары сотқа дейін жетуге тырысамыз. Мемлекетке табыс алып келіп отырған кәсіпорынды жоқ қылуға болмайды ғой. Өкінішке қарай, бұл істің немен бітерін болжай алмаймыз».

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Жмук мемлекеттік кірістер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері кек алуда деп есептейді. Оның айтуынша, орта және шағын бизнеске деген қысым тықсырып барады. Бұдан ары қарай болатын жайттар да көңіл қуантарлық емес.

«Біздің кәсіпкерлерімізге жаппай қисынсыз ескертпелер жіберуде, прокуратура мен қылымыстық жауапкершілікті айтып үркітуде. Кейбір бизнес иегерлері солардың жетегіне еріп кетуде: байланысқылары келмей ме, әлде толық түсінбей ме, сондықтан мемлекетке көрсетілген соманы төлеп отыр. Сотта мұндай істердің қаншасы жатқандығын сіз елестете де алмайсыз! Кейбіреуін тоқтата алдық. Шағым түскен ескертпелер заң бойынша қанағаттандыруға жатпайтын болса да, сотта көбінесе мемлекеттік құрылымдар жағына шығып кетеді. Мұндай жағдай біздің облысымызда ғана болып жатқан жоқ. Өзге өңірлердегі әріптестеріммен телефон арқылы сөйлестім, осы жайт ол жақтарда да қайталануда екен, бизнес-қауымдастыққа жаппай қысым көрсетілуде. Егер Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер департаменті мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департамент осы әрекеттерін жалғастыра беретін болса, көптеген фирмалардың иелері банкроттық рәсімін жариялайды. Олар ақшаны сыпырып алатын мұндай жағдайлардан кейін шатқаяқтап қалады. Кәсіпкерлерге қатысты 18 мың талап бар, бұл қулық-сұмдық пен жемқорлық үшін үлкен мүмкіндік жасап отыр. Кез кезген ұсақ-түйекке жабыса кетеді», - дейді Палата басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, Геннадий Жмуктың пікірінше, салық қызметтері қазынаға ақша жинаудың жаңа нұсқаларын ойлап табуда. Нақты тоқталар болсақ, олар тақырыптық тексерістерді санкциялап, қаңғыбас дерлік контрагенттердің түсініктемелерін негізге алады да негізсіз сомаларды есептейді. Осы жылдың өзінде ғана Кәсіпкерлер палатасына 14 адам көмек сұрай келген. Оларға жауапсыз келіссөздер жасады деп айыптап, 290 миллионнан астап қаражат төлеулерін талап еткен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер