«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Есепке салғырт қарағандарға айыппұл салынады

2016 жылғы 23 Қыркүйек
- Ақмола облысы
10677 просмотров

Өңір кәсіпкерлерін денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы турасында неге толыққанды ақпарат берілмеген деген сұрақ мазалауда

Облыстың түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер жиналған Өңірлік палатаның мәжіліс залында ине шаншыр жер болмады. Оған себеп – осы жылдың 17 шілдесі күні бекітілген денсаулық сақтау және әлеуеметтік қорғау министрінің «Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы» бұйрығы. Алайда ол күшіне 19 тамыз күні енген (08.08.2016 жылы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін).

Дөңгелек үстел өткізуге Палатаның сарапшылары бастама көтерген. Өйткені кәсіпкерлік ортада осыған қатысты көңіл толмайтындар қарасы қалың. Бұйрыққа сәйкес, жыл сайын 1 шілдеден 1 қазанға дейінгі мерзімде барлық заңды және жеке тұлғалар міндетті тәртіпте бос жұмыс орындары туралы мәлімет беріп отырулары тиіс. Бұл дегеніміз – санаулы күндердің ішінде есеп беріп үлгеру қажет деген сөз.

Облыстық үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллинаның айтуынша, бұл талаптар бұрын да болған екен. Алайда ол бүгінде әкімшілік жауапкершілікке негізделген: есеп дер кезінде берілмесе, бірінші ретте 10 АЕК есебінде, екінші ретте 20 АЕК есебінде айыппұл салынады.

«Бұйрық шеңберінде есеп берудің екі негізгі түрі бар. Біріншісі (бос жұмыс орны) – сұранысқа ие бос жұмыс орындары мен мамандар туралы мәлімет ұсынуға, екінші түрі (болжам) болжалды жұмыс орындары бойынша сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтер ұсынуға арналған», – дейді Шолпан Рахматуллина.

Жиі қойылатын сұрақтардың бірі – қызметкерді жұмыстан босатқанда және жұмыс орны жабылғанда есеп беру қажет пе? Бұл жағдайда қызметкердің неліктен жұмыстан босатылғандығын анықтап алу қажет. Егер вакансия жұмыс орнын жою бойынша (лауазымды қысқарту) жабылатын болса, онда есепте жойылатын жұмыс орындарына қарай оның саны азайтылады. Яғни, қандай жағдай болмасын, көрсетілген түрде есеп берілуі қажет.

Немесе, мәселен, компанияда жұмысшы жұмыстан босатылғанымен, сол вакансияға қазірше ешкімді жұмысқа алу жоспарланбаған делік. Ондай жағдайда, компания басшылығы вакансия бар ма жоқ па соны нақты анықтап алулары қажет. Жұмысшыны жұмыстан босату жұмыс орнын қысқарту салдары болып келеді. Қандай жағдай болмасын, есеп берілуі тиіс.

Айта кетерлігі, патент бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға есеп бермейді. Өйткен ол жалданбалы жұмысшылардың еңбектерін тұрақты негізде пайдаланбайды. Тисінше, сұранысқа ие ваканттік жұмыс орындары мен мамандықтар туралы мәлімет бермейді.

Есеп берудің бірініші түрі бойынша мәліметтер берілмеген жағдайда айыппұл салынады.

Екінші түрі бойынша алдағы үш жылдағы болжалды жұмыс күші туралы мәліметтер жинақталады. «Бұл мәліметтер қазіргі вакансиялар мен болжалды жұмыс орындары бойынша бірыңғай база құруға қажет. Осы мәліметтерді пайдалана отырып, біз еңбек нарығында тиімді әрекет жасай аламыз», – деді Шолпан Рахматуллина.

Облыстық инспекцияның еңбек жөніндегі басшысының орынбасары Жанат Ырбаев жиналған қауымды сабырға шақырды: «Жақын арада біз ешқандай тексеріс жүргізбейміз. Қандай жағдай болмасын тексеру болатын кезде біз бір ай бұрын ескертеміз».

«Барлық шаралар заң щеңберінде жүргізіледі. Естеріңізге сала кетсек, Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, кәсіпкерлік қызметін ынталандырып, оны қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету қарастырылған. Өз тарапынан Өңірлік палата жергілікті жерлердегі кәсіпкерлерге барлық жағынан қолдау танытады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету, Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары есеп беру формасын қалай толтыру қажеттігін тәжірибе жүзінде көрсетіп береді», – деп атап өтті ӨКП директоры Еркебұлан Баяхметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер