«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Есепті жеңіл тапсыру жолы

2016 жылғы 22 Қыркүйек
- Алматы қаласы
8372 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасында Бухгалтерлер клубының 8-ші отырысы өтті

Бухгалтерлер статистикалық есепті рәсімдеу, жұмыспен қамту есебі, қосымша құн салығы, «Электронды  шот-фактура»  ақпараттық жүйесі  (ЭШФ АЖ) бойынша көптеген сауалдарға жауап алғысы келеді. Клубтың сегізінші отырысына Статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов, Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Еділ Әзімшайық, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек нарығына мониторинг жасау бөлімінің басшысы Гауһар Әлібаева, Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Ләззат Мағзамова шақыртылды.

Шара қонақтары қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Мысалы, бухгалтерлердің көпшілігі, айдың алғашқы күндеріне келетін,  статистикалық есеп мерзімінің  тиімді уақытқа қойылмағанын айтты. Отырыс нәтижесінде, құжаттарды тапсыру мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты Статистика комитетіне жолдауға шешім  қабылданды. Сондай-ақ, Алматы қаласы Статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов, Бухгалтерлер клубының аясында, статистикалық қағаздарды толтыру және тапсыру бойынша семинарлар ұйымдастыруға уәде берді.

Сондай-ақ бос орындар туралы есепті толтыруға байланысты көптеген сауалдар туындады. Жұмыспен қамту басқармасының өкілдері, компаниялардан бос орындар туралы құжаттарды уақытында өткізулерін сұрады. Және де бұл есептің, ең алдымен, жұмыссыздықпен күресу үшін қажет екенін келтірді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек нарығына мониторинг жасау бөлімінің басшысы Гауһар Алибаева, егер ЖК немесе ЖШС-да бос орын болмаған жағдайда, және ұйым жақын арада жаңа қызметкерлерді алуды жоспарламаса, есеп өткізбейді деп түсіндірді.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов, әр отырыс сайын клубтың қатары жаңа қатысушылармен толығып жатқанын атап өтті. Бухгалтерлердің сегізінші отырысына шын қызығушылық танытып, 100-ден астам адам келген. Алматы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отырған Клуб отырысы тегін жүргізіледі.

Отырыс соңында қатысушылар келесі жиналыстардың тақырыптарын айқындады. Олар ЭШФ, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары, ЖТС (жеке табыс салығы) есептеу өзгерістері және медициналық сақтандыру туралы болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер