«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тағы да салық реформасы туралы

2016 жылғы 22 Қыркүйек
7943 просмотров

Ұлттық экономика министрлігі Қосымша құн салығын cақтап қалу қажет деген пікірде

Қосымша құн салығының орнын басатын сатылымнан түсетін салық қаншалықты тиімді болмақ және ол жаңа қиындықтарға алып келуі мүмкін бе? Бұл тақырыпты бүгін Астанада өткен салық конференциясында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қозғады. Ол, өз кезегінде, Қазақстандағы ҚҚС «дүниежүзіндегі ең аз мөлшерде» екенін атап өтті. «Яғни, біз аз ҚҚС жинап аламыз. Бізде ең жоғарғы меже және біз ұсынатын жеңілдіктер өте көп»,–деді министр.

Қуандық Бишімбаев ҚҚС жинаудағы түйткілді мәселелерге де тоқталып өтті.

«ҚҚС қайтару мақсатында түрлі заңсыз әрекеттерді қолдану арқылы бюджетке шығын келтіру, көп көлемдегі жеңілдіктердің болуы, әкімшілік ұйымдастыру жұмыстарына кететін көптеген шығындар, ҚҚС қайтарып беру кезінде түрлі жемқорлық деректерінің орын алуы», – деді ҰЭМ басшысы. Министр ұсынған ақпарат бойынша, ҚҚС бойынша қарастырылған түрлі жеңілдіктердің жалпы сомасы «экономикада барлығы 1,4 триллион теңгені құрап отыр».

ҚҚС-ын сатылымнан түсетін салыққа алмастырудың маңыздылығы төңірегіндегі пікірталасқа қатысты министр өз пікірін қосты.

«Сатылымнан түсетін салықтың каскадты әдісін пайдаланбайтынымыз анық, біз бұл салықты көбінесе қосымша деп қарастырамыз. Біздің министрлік ҚҚС алып тастамай-ақ, аталған салықты төлету және әкімшілендіру жүйесін жетілдіруді жалғастыруды ұстанып отыр». Қуандық Бишімбаевтың сөзінше, «қазірде Мемлекеттік кіріс комитеті мен салалық органдарына осы мәселені тереңінен ойлайтын уақыт келіп жетті деген ойдамыз»,– деді министр.

Салық заңындағы алдағы өзгерістер аясында кірістер бойынша салық төлеу жүйесін жетілдіру жүзеге асады. Осы мәселеген тоқталған министр «ҚР салықтық жүктемесі өзге елдермен салыстырғанда көлемі жөнінен ең төменгі екенін және ҚҚС мөлшерлемесі шамамен 20%-ға тең екенін айтты. «Осыған байланысты біз қолданыстағы салықтық режимдерді жандандыруды қолға алмақпыз және бұл ретте атқарылатын жұмысөте көп. Біз ҚҚС бойынша тіркеуге тұруға азаю деңгейіне қарай жеңілдетілген режим қосылатын болады. Бұл режим жеңілдетілген декларациялармен байланысты. Біздің негізгі ұсынысымыздың мәні де осында», –деді ұлттық экономика министрі.

Қуандық Бишімбаев соңғы шешім жұмыс тобы отырыстарында қабылданатынын айтты.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер