Қосылған құн салығындағы жаңашылдықтар
Мәжіліске Салық кодексінің жаңа жобасы ұсынылды. Онда Қосылған құн салығы мөлшерлемесін өзгерту қарастырылған
Төменгі палата қарауына жаңа заң жобасы ұсынылды. Егер аталған заң бекітілетін болса, ҚҚС мөлшерлемелері өзгеруі мүмкін. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен салық конференциясы барысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
«Естеріңізде болса, өткен жылы есепке алу шегі 30 000 АЕК-тен 2 324 АЕК-ке дейін азайтылған еді (63,3 млн теңгеден 6,8 млн теңгеге дейін). Жалпы біз оны дұрыс мөлшерлеме деп есептейміз және оны одан әрі төмендетуді жоспарлап отырмыз», – деді министр. Осы орайда, Қуандық Бишімбаев, «бізде ең төменгі мөлшерлеме – 12% және әлемдегі ең жоғарғы екенін ескере келе, бұл оңтайлы шешім болғанын» атап өтті.
«Алайда орын алған экономикалық жағдайды ескере келе, ҚҚС мөлшерлемесін біртіндеп төмендету туралы шешім қабылданды. Сол себепті, Парламентке ұсынылған заңның жаңа жобасында, өзге кесте көрсетілді. Десе де, бұл дұрыс бағыт», – деді ұлттық экономика министрі.
Осылайша, 2018 жылы заң жобасы шеңберінде, «ҚҚС арқылы есепке тұру үшін төменгі шаманы 25 000 АЕК-ке дейін, 2019 жылы – 20 000 АЕК-ке дейін, ал 2020 жылы – 15 000 АЕК-ке дейін азайту» ұсынылып отыр.
Сонымен қатар, министр заң жобасына кері ереже енгенін де атап өтті. Ол бойынша «кәсіпорын ҚҚС арқылы тіркелу есебіне өз бетінше тұра алады».
Импортталған асыл тұқымды малдың табиғи шығын нормативтеріне сай өлімі немесе мәжбүрлі түрде малды сойған жағдайда ҚҚС бойынша жеңілдіктер қарастыру ұсынылып отыр. Бұл отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушыларға асыл тұқымды мал өсіру базаларын арттыру үшін қолдау көрсету мақсатында жасалып отыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға қолдау көрсету үшін «жеке жер телімінің бар болу талабын алып тастау көзделуде. Бұл ауылшаруашылық кооперативтерінің арнайы салық салу режимін қолдануы үшін жасалып отыр. Сонымен бірге, бұған дейін қолданылған активтерді жүзеге асыратын шаруа қожалықтарының бірыңғай жер салығын салу құқығын сақтау мақсат етіліп отыр».
Заңнамаға акциз мөлшерлемесін біртіндеп ұлғайтуды қарастыратын ережелер де енгізілген. «Қазақстан Президентінің Жарлығын жүзеге асыру мақсатында мөлшерлеменің жаңа түрлерін енгіземіз. Осылайша, бір литр алкоголь өніміне қойылатын мөлшерлемені 2000 теңгеге дейін арттырамыз. Яғни, мөлшерлеме 45%-ға өседі. 2018 жылы 2275 теңгеге дейін артып, өсім 14%-ды құрайды, ал 2019 жылы 2550 теңгеге дейін жеткізуді көздеп отырмыз», – деді министр.
«Өндірушілерге қысым көрсетпеу мақсатында алкоголь өнімдерін шығару немесе сатуға арналған этил спиртін өндіру мөлшерлемесін нөлдік мөлшерлеме етіп бекіту ұсынылды». Жаңа өзгерістер туралы баяндаған министр ЕАЭО серіктес-елдерінде де салықтан босату жүзеге асырылатынын жеткізді. Сондықтан, бұл ережелер «біздің алкоголь өнімдерін өндірушілерге бірдей жағдай жасауды қарастырады».
«Сондай-ақ, бұл заң ережелері кірістің көбеюіне жол ашпақ. Кəсіпкерлер мүдделерін қорғайтын салалық қауымдастықтар және мүдделі мемлекеттік органдар да мұны қолдап отыр», – деді Қуандық Бішімбаев.
Пайдалы қазбаларға инвестиция тартуды ынталандыру үшін заң жобасына қарызды есептен шығаруда ҚҚС-нан босату көзделген. Алайда, мұндай жағдайда инвестициялық қаржыландыру бойынша коммерциялық орын алу дерегі болмауы тиіс. Сонымен қатар, экспортқа қолдау көрсету және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «тауарды шекараны кесіп өтетін теңіз көлігіне тиеу кезіндегі тауарларды Ақтау портына дейін теміржол арқылы тасымалдау қызметтерін халықаралық тасымалдауға жатқызу» туралы нормалар енгізілген.
Жанар Сердалина
Пікір қалдыру:
Пікірлер: