«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Комбайн қажет пе? Оны да тауып береміз!

2016 жылғы 21 Қыркүйек
- Ақмола облысы
6501 просмотров

Өңірлік палатаның атсалысуымен Еңбекшілдер ауданындағы ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі қажетті техникамен қамтамасыз етілді

«Баймырза» ЖШС дәнді (бидай, арпа) және майлы дақылдарды өсіруге және сатуға мамандандырылған. Биылғы жылы шаруашылық 15 мың гектардан астам егістік алқабын өсірді.

Қазіргі ауа райының жағдайы жиын-терін науқанына қолайлы болғанымен, болжамдарға сүйенсек, қыркүйектің соңына таман күн суытады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары барлық  жағдайларды назарға ала отырып, егін жинау науқанын оңтайлы уақытта бітіруге ниетті. Кәсіпорынның Машина-трактор паркінде отыздан астам техника бар, ал комбайнның саны болса онға жуық.

Сондай-ақ шаруашылық басшылығы астық жинау техникасының қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. «Баймырза-агро» ЖШС директорының орынбасары Самат Болатов, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалына, аз уақыт ішінде «КLASS» және «VEKTOR» комбайндарын жеткізушілерді тауып беруін өтініп жүгінген болатын.

Филиал сарапшылары тез арада іске кірісіп, келесі күні-ақ агротехникаларды сатумен айналысатын компаниялар туралы барлық ақпараттармен және техникалық сипаттамалармен қамтамасыз етті.

Кәсіпорын сол күні «Вектор» Комбайн зауыты» ЖШС-мен ауыл шаруашылығы машиналарын жеткізу туралы келісімшартқа отырды. Қазіргі таңда шаруашылық егістік алқабында осы марканың екі комбайнымен жұмыс жүргізіп жатыр. Алда машина-трактор паркін қайта жабдықтау жұмыстары күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер