Кедергілер азаймай отыр
Мемлекет тарапынан елдегі бизнес-климатты жақсарту бойынша шаралар қолданылып жатқандығына қарамастан, кәсіпкерлер жұмысына кедергілер азаймай отыр
Мәселен, Қарағанды өңірінің Мемлекеттік кірістер және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттері. Жеке бизнесті тексеру көбінесе салықтар, салық заңнамасының нормаларын көрсетумен шектелу арқылы ойдан шығарылған негіздерге сүйеніп айыппұлдар салуға әкеп соқтырады.
Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Геннадий Жмук мәлемдеді.
Г.Жмуктың айтуынша, кәсіпкерлер тіпті прокуратуралар мен соттардың объективтілігіне үміттене алмай отыр.
«Сот отырыстарында кәсіпкерлер мен Ұлттық палата тарапынан заңнама тұрғысынан бұлжымас дәйектер келтірілгеніне қарамастан, соттар оларды қабылдамай, мемлекеттік органдардың пайдасына заңға сай келмейтін шешімдер шығарады. Ол шешімдерді мемлекеттік органдардың бір-екі әлсіз дәлелдерімен негіздейді», – дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекеттік кірістер департаменті басшыларына қатысты Қылмыстық кодекстің 215-бабы, яғни «жалған кәсіпкерлік» бойынша қылмыстық іс қозғалған заңды тұлғалардың кәсіпкер-контрагенттеріне салық заңнамасындағы заң бұзушылықтарды еркімен жою туралы хаттар жіберілген еді. Онда жалған кәсіпкерлік үшін салықтарды толық төлеу ұсынылған-ды.
ӨКП мұндай ескертпе хаттарды заңсыз, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделеріне қайшы келеді деп таныды. Мәселе түрлі деңгейде талқыланды, тіпті ҚР Бас прокуратурасында да. Кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін ғана осындай мазмұндағы ескертпелер облыс кәсіпкерлеріне жіберілмейтін болды.
«Алайда Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа әдіс ойлап тапты – заңды тұлғаларды тіркеу туралы сотқа арыз беру, содан кейін контрагенттерге аталған кәсіпорындармен келісімдер бойынша салық төлеу туралы ескертпе жіберу туралы прокуратураға арыздануға бастама көтерді. Кейін тергеушілердің қаулысы бойынша қылмыстық іс қозғау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізе бастады. Атап өтерлігі, дәйектер бұрынғысынша қалған: ҚҚС мен ҰКС төлеу туралы ескертпеге негіз болған куәгерлердің шаруашылық қызметтеріне ондай кәсіпорындардың қатысы жоқ», – деп мәлімдеді Г. Жмук.
ӨКП-ға 13 кәсіпкерден осы айтылған мәселе бойынша шағым келіп түскен. Кейбіреулерінің арыздары сотта қаралған және сот оны қанағаттандырмаған, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: