«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

8 айдың ішінде – 121 млн теңге

2016 жылғы 19 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
12474 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері 2016 жылдың 8 айының ішінде бизнес өкілдерінің 131-ге тарта өтінішін қарап, кәсіпкерлерге 121 млн теңге өндіріп берген

Ол туралы Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау өкілінің Қызылорда облысы бойынша аппараты секторының басшысы Дархан Мырзалиев хабарлады.

Осы кезең аралығында барлығы 400-ге жуық өтініш келіп түскен. Оның 282-сі кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп, нәтижесінде олар 1 млрд 144 млн теңгені өздерінде қалдырған.

Биылғы жылы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша өзекті мәселелер арасында келесі жағдайларды атауға болады.

Электр энергиясымен жабдықтау компаниясының тарапынан пайдаланылған электр энергиясының қосымша сомасын төлеу дерегі бойынша Палата кәсіпкерлердің құқығын қорғап, 3 млн теңгеден астам қаражатты сақтап қалған. Сондай-ақ Палатаның бастамасымен прокуратура органдары тексеру жүргізген. Нәтижесінде, кәсіпкерлерге мүмкіндіктерді тең пайдалануға және әділ бәсекелестікке кедергі жасағаны үшін «ҚазТрансАймақ» АҚ облыстық филиалының директоры мен оның орынбасары лауазымдарынан босатылған.

Осы кезеңде Палата сарапшылары кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында 50-ден астам сот отырысына қатысып, нәтижесінде сот процестерінің 80%-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жетілдіру мақсатында 2014 жылы Кәсіпкерлер палатасы жанынан – Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі құрылған болатын. Палата директорының орынбасары Дархан Мырзалиевтің айтуынша, кеңестің ай сайынға отырысында кәсіпкерліктің нақты мәселелерінің шешілу  жолдары қарастырылады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі құрылғаннан бері 10 отырыс ұйымдастырылған. Ол жерде 30-ға тарта жүйелі мәселелер талқыланып, нәтижесінде 200-ден астам кәсіпкердің мүддесі мен құқықтары қорғалып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер