«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әріптестіктің соны көкжиектері

2016 жылғы 16 Қыркүйек
- Алматы қаласы
7726 просмотров

Гонгонктің жетекші компаниялары Алматыда бизнес жүргізуге қызығушылық танытуда

Алматыға Гонгконг қаласынан «Гонконг» арнайы әкімшілік ауданының қаржылық хатшысы Джон Цанг бастаған делегация келді. Сапар мақсаты – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде Қазақстан мен Гонконг арасындағы іскерлік әріптестікті нығайтатын мүмкіндіктер іздеу.

Шетелдік делегацияның құрамына қаржы, заң, консалтинг, құрылыс салаларындағы бизнесмендер кірген. Қазақстандық тараптан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов және ұлттық компаниялардың, қаржылық институттардың, салалық одақтардың өкілдері, ЖОО ректорлары, Алматы қаласы мен басқа да өңірлерден жеке кәсіпкерлер қатысты.

Іскерлік түскі аста Джон Цанг Алматы қаласының кәсіпкерлеріне Гонкогта бизнес жүргізудің ерекшеліктері мен гонконгтік әріптестер тарапынан көрсетілетін кәсіби қаржылық, заңдық, консалтингтік қызметтер туралы әңгімеледі. Ол Гонконгте жаңа компаниялар ашуды немесе компанияларға инвестициялар құюды қалайтын қазақстандықтарды әріптестікке шақырды.

«Қазақстанның халықаралық жағдайы маусым айының аяғында, яғни БҰҰ Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде сайланған тұста ел назарына ілікті. Өткен жылдың қараша айында Қазақстан ДСҰ-ның 162-мүшесі атанды. Осы жайттармен құттықтағым келеді», – деп атап өтті Джон Цанг алғы сөзінде.

Мәртебелі қонақтың айтуынша, Қазақстан мен Гонконг арасындағы экономикалық байланыстар көңілге сенім ұялатады екен: 2011 мен 2015 жылдардың арасындағы екіжақты сауда-саттық өсімі 19%-ды құрады. Осы жайт Гонконг сауда-саттықты дамыту кеңесінің соңғы үш жылда Қазақстанға іскерлік делегациялар жіберуіне түрткі болыпты. Өз кезегінде, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов екіжақты экономикалық байланыстарды дамытудың маңызы мен қажеттілігін атап өтті.

«Гонконг – әлемдегі жетекші қаржылық орталықтардың бірі, осы тұрғыдан бізді олардың даму тәжірибесі қызықтырады. Алматы да Гонконг сияқты Қазақстанның қаржылық орталығы. Қала экономикасында қаржылық операциялар (40%) мен қызмет көрсетулер саласының, соның ішіндегі сауда-саттықтың үлесі жоғары. Бізге Гонконгтің бизнеске жағдай жасау, халықаралық деңгейде кооперациялар құру тәжірибесін қабылдау қажет. Екіжақты қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыра береміз. Осы жылдың қараша айында Гонкогке жіберу үшін Алматы қаласының жетекші тауар өндірушілерінен тұратын бизнес-делегацияны жасақтауды жоспарлап отырмыз», – деп мәлімдеді Ерлан Әукенов.

Алматыдағы іскерлік түскі астан бөлек, Астана қаласында іскерлік және үкіметтік топтың 120-дан астам көшбасшылары қатысқан шара өтті. Астанаға барған іс-сапарында гонконгтік делегация Kaznex Invest және Astana Innovation компанияларымен ортақ брифингтер өткізіп, «KTZ Express» ұлттық компаниясы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды. Сапар барысындағы басты оқиғалардың бірі – Гонконг сауда-саттықтық дамыту кеңесі мен Астана ХҚО арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Соның шеңберінде Қазақстанда Жібек жолының экономикалық белдеуінің www.beltandroad.hk порталы арқылы инвестициялық жобалар насихатталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер