«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Байқауда жеңсе де, жер телімі берілмеді...

2016 жылғы 16 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
8339 просмотров

СҚО Мамлют ауданының кәсіпкері түсініксіз жағдайға тап болған

Виктор Голованов сәуір айында жер телімдерін 10 жылға жалға алу бойынша байқауға қатысуға өтініш білдіреді. Нәтижесінде 5 лот бойынша 5 жер телімінің жеңімпазы атанады. Кәсіпкер ол туралы байқаудың қорытындысы жарияланған жергілікті газеттен білген.

Кейіннен ол «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен хабарлама алады. Хабарламада жер телімдерінің кадастрлық жұмыстарын дайындау және келісімшарт жобаларына қол қою қажеттілігі көрсетілген. Бұл талаптарды «Голованов» шаруа қожалығының басшысы орындайды. Ары қарай «жер телімдерін жалға беру жөніндегі ұйымның және байқаудың өткізілу ережелеріне сай» жергілікті атқарушы орган, бұл жағдайда Дубровинский ауылдық округінің әкімшілігі, 10 күннің ішінде жер телімін бөліп беру шешімін шығаруы керек болатын. Бірақ, әкім жер телімдерін бөліп беруден бас  тартқан. Кәсіпкер қатты таң қалады. Өйткені ауылдық округ басшысы байқаудың комиссия құрамында болып, оның нәтижесі бойынша қол қойған. Бөліп беруден бас тартудың себебі де жоқ емес: ауыл маңындағы жайылымдарда елді мекен тұрғындарының сиырлары жайылады екен. Осы жерде ақылға сыймайтын мәселе туындайды: Егер бұл жерлерде ауыл тұрғындарының малы жайылатын болса, неге жер телімдері байқауда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлер болып көрсетілген? Комиссия мүшесінде болған ауыл әкімі, осы жағдайдан хабардар бола тұрып, не себепті байқау қорытындысы жарияланған хаттамаға қол қояды? Қысқасы, бұл мәселе осылай түсініксіз күйде бір орында тұрып қалады.

Виктор Голованов осы жайтқа байланысты өз құқығын қорғауын өтініп, Кәсіпкерлер палатасының Мамлют ауданындағы филиалына жүгінеді. Прокуратура қызметкерлерінен және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ведомствалардан кеңес алу сынды үлкен жұмыстар басталады. СҚО тұрғыны өз мәселесі туралы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовке баяндап береді.

Әділеттілік орнауы үшін фермер мен Палата сарапшылары 2,5 ай тынбай еңбек етеді. Әкімшіліктің іс-әрекеті кесірінен кәсіпкер мал жаю үшін жер телімдерін жазда пайдалану мүмкіндігінен айырылды. Бірақ түбінде кәсіпкер мен жергілікті атқарушы орган бір келісімге қол жеткізді. 2016 жылдың 17 тамызында жер телімін бөліп беру шешімі шықты. Кәсіпкер бизнес-омбудсменге, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Мамлют ауданы филиалы сарапшыларына атқарған ауқымды істері үшін алғыс айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер