«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанаға Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері келді

2016 жылғы 16 Қыркүйек
- Астана қаласы
10420 просмотров

Ұйым өкілдері Қазақстандағы еңбекшілердің құқықтарын қорғауға қатысты жолға қойылған жұмыстарды оң бағалады

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Халықаралық еңбек ұйымының (АКТРАВ) қызмет жөніндегі бюросының директоры Мария Хелена Андремен және Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) еңбекшілерінің қызметі жөніндегі бас маманы Сергеюс Гловацкастың ҚР Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) активімен кездесуіне қатысты.

Кездесуді аша отырып, ҚРКФ төрағасы Әбілғазы Құсайынов федерация әлемдік кәсіподақтар қозғалысының бір бөлшегі екенін, ал ХЕҰ-ға мүше болу еңбек нарығын реттеуге және оны одан ары қарай дамытуға арналған халықаралық ұйымның кеңестерін пайдалануға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Мария Хелена Андре еңбекшілердің құқықтарын қорғауға қатысты Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалады. «Мен ХЕҰ-ның Қазақстан дамуының табысты тарихының бір бөлшегіне айналғандығын мақтан тұтамын. Сіздерді әлемдік дағдарыс айналып өткен жоқ, алайда елдеріңізде 25 жылда қол жеткізген табыстарыңызды сақтап қалуға мүмкіндік берген қауіпсіздік жастығы бар», – деді ХЕҰ қызметі жөніндегі бюроның директоры.

Сондай-ақ келген қонақ 2019 жылы өтетін ХЕҰ-ның ғасырлық мерейтойы қарсаңында ұйымның бас директоры 7 бастаманы алға тартқандығын атап өтті. Солардың бірі – «Келешек еңбек салалары» бағдарламалық баяндамасы. Дағдарыс көптеген елдерде орта тапты жойып жібергендіктен, аталған бастаманы жүзеге асыру аясында теңіздіктің артуы сынды мәселені шешу міндеті тұр.

«Өндірістің жаңа түрлері пайда болуда, сауда-саттық басым үлеске ие болуда. Алайда кәсіподақтар бұған қатыспайды. Кейбір топтарда кәсіподақтар өткен шақтың ісі, олар дамымайды, жұмысы барларды ғана қорғайды деген пікірлер пайда болуда. Бірақ олай еместігін біз білеміз ғой. Бүгінде еңбектің өзара қарым-қатынастары қатты өзгеруде. Жұмыспен толық қамтудан біз келісімшарттарға көшудеміз. Ұжымдық келіссөздер жүргізу – еңбек қарым-қатынастарын реттеуге болатын құрал», – деді Мария Хелена Андре.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары ӨКП-ның жұмыс беруші өкілі ретінде адами капиталды дамыту мәселесіне көңіл бөліп отырғандарын атап өтті. Елордадағы барлық еңбек мәселелері Ұлттық палатаның сарапшыларынсыз шешілмейді.

«ҚР Кәсіподақтар федерациясымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның негізінде өзара әрекет етудеміз, соның шеңберінде пікір алмасып, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің сындарлы сұхбатына арналған шешімдерді дайындайдамыз», – дейді ӨКП өкілдері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер