«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» жүкті шұғыл жеткізуге кедендік әкімшілік ету мәселелері талқыланды

2016 жылғы 15 Қыркүйек
6828 просмотров

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша кешенді жұмыстар басталды

Экспресс-жүктерді кедендік әкімшілендіру мәселелері бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді. Ол интернет-сауданың қарқынды дамуына байланысты, одан сайын өткір мәселеге айналды. Сонымен қатар, аталған мәселе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғана емес, халықаралық ауқымда да өзінің өзектілігін жойған жоқ.

Соған сай, сауда рәсімдерін жеңілдету туралы (Балий келісімі) Халықаралық сауда ұйымының келісімінде де аталған мәселеге ерекше тоқталып өткен (7-бап, 8-тармақ «Шұғыл жеткізулер»). Экономикалық одаққа мүше 4 мемлекет (Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы) Дүниежүзілік сауда ұйымына да (ДСҰ) мүше. Жоғарыда келтірілген келісімнің ережелері Кеден Одағының кеден заңнамасына да кіріктірілуі керек.

Осы жағдайды ескере отырып, комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен бірге аталған бағыт бойынша, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді әрекеттерді қоса отырып, кешенді жұмыс жүргізді.

Астана қаласында экспресс-жүктерге қатысты кедендік операциялар жасаудың реттілігін жетілдіру мәселелеріне арналған алғашқы көшпелі сараптамалық отырыс ұйымдастырылды. Аталған шара  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Өйткені бұл мәселені алғашқылардың бірі болып, Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі жобасын дайындау барысында, қазақстандық бизнес-қауымдастық көтерген болатын. Жиынға 50-ден астам сарапшы қатысты. Олардың ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-бірлестіктер, пошта байланысының операторлары, экспресс-тасымалдаушылар, Ұлттық теміржол тасымалдаушылары және т.б. бар. Алғашқы толық көлемді сараптамалық кездесудің негізгі қорытындысы, аталған пікірталасқа қатысқан қатысушылардың эксперсс-тасымалдау және оны кедендік бақылау қажеттілігі сынды құбылыстардың бар екенін бірауыздан мойындауы болды.

Жиын барысында атап өткендей, құқықтық олқылықтар экспресс-жүктерге қатысты кедендік операцияларды жүргізу кезінде құқық қолдану тәжірибесіндегі айырмашылықтарға, осы санаттағы тауарлардың  дифференциялануына, экспресс-жүктерді кедендік тіркеу кезінде кешіктірілуіне және бүкіл бір саланың дамуының тежелуіне себепші болады.

Мұның барлығы аталған мәселе ЕАЭО-ға мүше мемлекетер тарапынан реттеліп, сондай-ақ зерттеулер мен пилоттық жобалар жүргізу арқылы шешулі керек екенін аңғартады. Сол себепті сарапшылар нарықтың осы сегменті бойынша кедендік бақылауды реттеуді қамтамасыз етуге қажетті қадамдарды талқылады. Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасына бірқатар ережелерді қосу қажеттілігі туралы айтылғанда, сарапшылардың ойы бір жерден шықты. Сонымен қатар, пікірталасқа қатысушылар экспресс-жүктерге байланысты жеке тарау қосуға арналған  жағдайлардың,  ЕАЭО мүше мемлекеттерде әлі де жоқ екенін мойындады. Алайда бұл өткір мәселелерді реттеуді қамтамасыз ететін, Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі жобасына бірқатар нормаларды енгізу ұсынысына кедергі бола алмайды.

Сондай-ақ сарапшылар қолданыстағы ЕАЭО кеден заңнамасының аясында, Кеден одағы Комсиссиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы, экспресс-жүктерге байланысты кедендік оперцияларды жетілдіру тәсілдерін әзірледі.

Жиынға қатысушылардың барлығы экспересс-жүктерді кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бағытының және оның бірдей белгілерін ескере отырып,  халықаралық пошталық жеткізудің ұқсас қызметімен біріктірудің маңыздылығын түсінді.

Осы аталған ең маңызды екі бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар, Экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде интернет-сауданы дамыту және оған тиісті кедендік реттеуді беру мақсатында тиімді жағдайлар қалыптастыруға негіз бола алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер