Салық саласындағы айқын саясат
Қазақстанда этил спиртіне салынатын акциз салығының нөлдік мөлшерлемесін енгізу ұсынылды
Бұл жөнінде Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова мәлімдеді. Сарапшы Қазақстандағы салық реформалары жайлы хабарлады. «Спирт жəне алкогольді өнімдерін өндірушілер бір ғана тауар үшін өндіріс желілерінің түрлі субъектілері екі рет салық төлемеуі үшін алкогольді өнімдерді экспорттау кезінде алкоголь өнімдерін өндіруде пайдаланылатын немесе жүзеге асырылатын этил спирті акцизіне нөлдік мөлшерлемені бекіту ұсынылды. Бұл ұсыныс, сонымен бірге, отандық кəсіпкерлердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалып отыр. Қолданыстағы мөлшерлеме бүгінде литріне 60 теңгені құрайды», – деді ол.
Ж.Жанболатованың айтуы бойынша, заң жобасында акциз мөлшерлемесін 2017-2019 жылдар арасында біртіндеп көтеру жоспарланып отыр. Осылайша, 2017 жылы алкоголь өнімі акцизі литріне – 2000 теңге болса, сыра және сыра сусындарына литріне – 39 теңге, темекі өнімдеріне– 1000 данаға 6200 теңгені межелейді деп күтілуде.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: