«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жақсының бәрі – балаларға!

2016 жылғы 13 Қыркүйек
- Астана қаласы
10209 просмотров

Кәсіпкер Қазақстанға баланың ақыл-ойын дамыту тәсілін алып келді

Елордалық білікті кәсіпкерлер Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында өз тәжірибесімен бөлісуді жалғастырып келеді. Кәсіби кәсіпкерліктің мұндай шеберлік сабақтары Бизнес-мектептің «Жобалық оқыту» жобасы аясында өткізілуде.  

Осылайша, бұл жолы өз білімімен және тәжірибесімен «МЕГАИНТЕЛЛЕКТ» тұлғаны дамыту орталығы» ЖШС директоры Лаура Сақанова мен Astina шағын қонақ үйлерді дамыту жобасының жетекшісі Қайрат Талапбаев бөлісті.

Тұлғаны дамыту орталығының негізін қалаушы Лаура Сақанова, өз кезегінде, өзін бұрынғы дәрігер екенін, кәсіпкерліктен мүлде алыс болғанын жеткізді. Өз ісін ашуға оған отбасылық жағдайлар себеп болған. «Мен ғылыми орталықтарда, оның ішінде, Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта эпидемиолог-иммунолог болып жұмыс істедім. Алайда, жолдасым қызметіне байланысты шетелге кеткенде, үйде отыруға мәжбүр болдым. Ал, мамандығым бойынша жұмысымды жалғастыру үшін, дипломды қайта тіркеуден өткізіп, тест тапсыруға, тіл сынақтарынан, аттестациялық комиссиядан өту керек болды. Осылайша, көптеген кедергілерге тап болғандықтан, өз мамандығымнан бас тартуды жөн санадым. Сөйтіп, үймен, жұбайым, балаларыммен, отбасыма көп көңіл бөлдім», – дейді кәсіпкер.

Ендігі кезекте отанасы көп уақытын балалардың білімін жетілдіруге арнаған. Осылайша, балғындардың ой-өрісін дамытатын жаңа бағдарламалармен танысқан ол, фотографиялық жадыда сақтаудан әлем чемпионы Мелик Дуяр негізін қалаған әдісті таңдайды. «Ақыл-ой мүмкіндігін дамытуды көздейтін оқыту бағдарламасы Парифметика және Мега Соробан техникаларын қолдана отырып, сандарды қосу, азайту, бөлу, көбейту операцияларын тез орындауға жол ашады. Ақыл-ойды дамыту жеткіншектерге тұлға ретінде өз-өзіне сенімді болуға көмектеседі. Мен балаларымнан алғашқы нәтижелерді көргенде, қазақстандық балалар тек жақсыға ғана лайықты екенін түсіндім. Осылайша, бұл бағдарлама менің өз кәсібіме айналды», – деп атап өтті Лаура Сақанова.

Кәсіпкер аталған әдісті Қазақстанға әкеліп, бүгінде еліміздегі алғашқы «МЕГАИНТЕЛЛЕКТ» франчайзері болып отыр. 

Алдағы уақытта кәсіпкер өз орталығында интеллектуалды мүмкіндіктерді дамыту бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер