«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сапа – экспорт кепілі

2016 жылғы 13 Қыркүйек
- Қостанай облысы
9564 просмотров

Ауғанстан Қостанай облысының байытылған ұны мен бидайына қызығушылық танытып отыр

Өңірдің ірі  бидай өңдеуші компанияларының жетекшілері мен ауғандық ұн тартушы кәсіпорындар қауымдастығының өкілдері кеңейтілген іскерлік қатынастардың болашағы туралы талқылады.  

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен кездесу аясында меймандар Қостанайдың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының экспорттық әлеуетімен танысты. Олардың басым көпшілігінің Орта Азия бойынша нарыққа жеткізуші арналары бар. Мәселен, «Ассалия» ЖШС Ауғанстанға ұнды 1992 жылдан бастап экспорттап келсе, «Костанайский мелькомбинат» байытылған ұнды соңғы бес жыл бойы жөнелтуде. Ал, «Аруана 2010» ЖШС-нің жеткізер көлемі аз болса да, экспортқа деген сұраныс жыл сайын артуда.

Ауғанстан ұн тартушылар кәсіпорындары қауымдастығының өкілі Мохаммад Хашим, Қазақстанмен іскерлік қатынасты бекітуге Ауғанстан тарапы үкіметтек деңгейде қызығушылық танытып отырғанын айтты.  Алдағы уақытта мұнда ұнды темір мен фоли қышқылымен байытып, импорттауға болатын заң қабылдау жоспарлануда.

«Бізде азық-түлік тағамдарын байыту бойынша арнайы бағдарлама жасалған, оның шеңберінде ел ішіндегі отыздан астам диірменге қолдау көрсетеміз. Сондықтан, Қазақстаннан келетін ұнның байытылғанын қалаймыз және құжатта көрсетілетін тауарлардың сапасы мен мәліметтері дұрыс болғанын жөн», – дейді Мохаммад Хашим.

Қонақтар байытылған ұнмен бірге, сондай-ақ, сапалы ұн алуды мақсат етіп отырғандарын алға тартты. Қостанайлық кәсіпкерлер бастамаға қолдау көрсетіп, сатып алу бағасы тиімді болса екен деген тілек білдірді. Өз кезегінде, Ауғанстанның тағам мәселелері бойынша жаһандық альянс директоры Вагдати Мохибулла, Кабулда биылғы жылдың желтоқсанында өтетін ауқымды кездесу жайлы мәлімдеді. Онда 250-ге жуық трейдер қатысып, B2B форматында мүдделі серіктестер арасында іскерлік қатынастар болашағы мәселелері қаралады деп күтілуде. Ауғандық тарап іс-шараға отандық кәсіпкерлерді ресми түрде шақыратындарын жеткізді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер