«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Адам құндылығы – экономика дамуының негізі

2016 жылғы 09 Қыркүйек
- Павлодар облысы
10155 просмотров

Бұл мәселе – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының басты бағыттарының бірі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінің 3 жылдық мерейтойын атап өтуде. Аз уақыт ішінде, бизнес мүддесін қорғау сапында тұрған ұйым, кәсіпкерлік ортада өзін кәсіби және сенімді серіктес ретінде көрсете білді.

Үш жылға қорытынды жасай отырып, палатаның негізгі жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Ілиясова баяндап берді.

– Бақытжан Ілиясқызы, ҰКП-ның құрылуының басы-қасында жүрген адам ретінде айтыңызшы, осы жылдар аралығында қандай жұмыстар атқарылды?

– 2013 жылдың қыркүйегінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды. Бұл білім, тәжірибе және үлкен күш шоғырланған құрылым. Ол кәсіпкерліктің дамуына белсенді қолдау көрсетіп, бизнеске қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп келеді. Өткенге шегініс жасасақ, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау желісі бойынша көлемді жұмыстар жүргізілгеніне көз жеткіземіз. Атқарған қызметінің ең басты бағыты экономикалық дамудың негізгі іргетасы ретінде адам капиталын дамыту болып табылады. Және де бұл жерде білікті мамандарды дайындау үрдісін арттыру талаптарын да атап өткен жөн.

Аталған бағыт бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Палатада тұрақты негізде экономика саласы бойынша еңбек нарығының болжамды қажеттіліктеріне бақылау жүргізіліп жатыр. Өңірде құрылымдық теңгерімсіздік сұранысы мен еңбек ресурстарының ұсыныстары байқалып отыр. Жоғары жұмыспен қамту бойынша техникалық қызметкерлер және ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың тапшылығы білінеді. Осы аталған бағыт бойынша, білікті мамандарды сапалы даярлау үшін, дуалды білім беру жүйесін дамыту керек. Дуалды оқытудың басты артықшылығы – түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толық сәйкес келетін болады.

– Яғни, бизнес-құрылым оқу орнымен өзара тиімді әріптестік орнату негізінде, өздерінің талаптары бойынша оқытылған дайын мамандарды жұмысқа алады деуге болады ғой?

– Иә, дұрыс айтасыз, Жол картасына дуалды оқыту жүйесін енгізу барысында, өңірде 36 келісімшартқа қол қойылды. Ерекше айта кетерлігі, тәжірибеге 28 кәсіпорын және 11 колледж қатысып, 400-ден астам маман дайындалып жатыр. Сондай-ақ, қосымша ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау бойынша келісімшарт жасалды.

Дуалды оқыту жүйесін дамыту бойынша колледждермен ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылды. Оқытушылар мен шеберлерге өндірістік оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндіріс орындарында тәжірибелік оқыту жұмыстарын жүргізу мақсатында студенттерге 300-ден астам тәлімгер бекітілген.

Палата мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған  кәсіптік бағдарлау жұмыстарын да жүзеге асырып жатыр. Аталған бағыт бойынша 7000-нан астам білімгерді қамтыған, 400-ден астам іс-шара жүргізілді. Колледждерде жетекші кәсіпорындар мен әлеуметтік әріптестер туралы ақпараттық тақтайшалар ілінді. Биылғы жылы, қол қойылған келісімшарт шеңберінде, №28 орта мектебінің базасында Павлодар қаласына оқушыларға арналған «Ұлттық қолөнерді жаңғырту» жобасы енгізілу үстінде.

Жұмысшы мамандығының тапшылығын атап өткеніміз жөн. Мысалы, ірі кәсіпорындарға қазіргі таңда 800-ден астам адам жетіспейді. Салалар бойынша аса қажетті мамандықтар: металлургия, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, мұнай өңдеу.

– Әріптестеріңізге не тілейсіз?

– Кәсіпкерлердің меншіктік құқықтарының қорғалу саны, бизнес-ортаны жақсарту бойынша жасалған кеңес берулер мен басқа да жұмыстар көп нәрседен хабар береді. Осы жылдар аралығында Палата кәсіби түрде отандық бизнестің мүддесін алға жылжытып, бизнес пен билік арасындағы келіссөздерді тиімді жүргізіп, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырды. ҰКП болашақта да бизнестің сенімді серігі болып қала беретініне сенімдімін. Бұл айтулы күні, әріптестеріме одан әрі жемісті жұмыс жүргізулерін, ойға алған жоспарларын сәтті жүзеге асырулары үшін шығармашылық күш, өркендеу мен тұрақтылық тілегім келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер