«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Италияның етігі керек болса...

2016 жылғы 09 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
11617 просмотров

Балқаштық  жеке кәсіпкер Италияның аяқ киім өндірушілерімен келісімшартқа отырды

Кәсіпкер әйел Ирина Зырьянова сауда-саттық саласында 2000 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы жылдар аралығында өңірді Италия жеңіл өнеркәсібінен шыққан әйелдерге және ерлерге арналған киімдер, аяқ киім, аксессуарлар мен бас киім өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Енді балқаштық сәнқойлардың таңдауы кеңейе түсті десек те болады.

«Мен Алматыда өткен Shoes from Italy атты  аяқ киім өндірушілердің көрмесінде болдым. Оны Италияның Қазақстандағы елшілігінің айырбас сауданы дамыту бөлімі ұйымдастырды. Мен ол іс-шараға  жергілікті Палата филиалының кеңесшілерінің арқасында бардым. Маған осы жағдайды жасағандары үшін, тікелей өндірушілердің өзімен жеке келіссөздер жүргізуіме мүмкіндік бергендері үшін өте қуаныштымын», - деді Ирина.

Балқаштық кәсіпкер әйел аяқ киім жеткізу бойынша келісімшартқа отырды.

Өз кезегінде айырбас сауданы дамыту бөлімі өңірлік филиалының менеджер-кеңесшісі Евгении Юнға, Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлермен келісімге келуге көмектескені үшін ерекше алғысын білдірді.

«Біз Қарағанды облысындағы серіктесіміз бен итальяндық кәсіпорындар Қазақстан мен Италияның сауда-экономикалық қатынасын дамытуға және нығайтуға үлес қосады деп үміттенеміз», - деп айтылған Италияның Қазақстандағы елшілігінің бөлімі жіберген хатта.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер