«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңсыз таксиде қылмыстың жиілеуі алаңдатуда

2016 жылғы 07 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
7545 просмотров

Петропавлда таксистердің 10 пайызында ғана жолаушыларды тасымалдауға арналған құжаттардың толық пакеті бар екен

Бұл туралы СҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте полицияның, қазыналық органдардың қызметкерлері, тасымалдаушылар, Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары журналистерге айтып берді.

Заңсыз таксистер мәселесі ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Соңғы кісі өлімі жағдайы мен басқа да қылмыстық істер осы бір қызмет көрсету саласында орын алған күрделі жайтқа қоғамның назарын аудартып отыр. «Жолаушыларды тасымалдаушылар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмір Баязитовтің айтуынша, Петропавлда жолаушыларды тасымалдауға арналған құжаттардың толық пакеті таксопарктерде тіркелген 2 мың таксистің 10%-ында ғана бар екен. «Негізгі мақсат: еш белгісіз, дәрігерлік текерусіз, техникалық тексерусіз, патентсіз және жолаушыларға сақтандырусыз кешқұрым «қосымша табыс табатын» заңсыз жүргізушілерді көлеңкеден шығару. Бір жағынан, олар салық төлеуден жалтарып, табыстарын жасыру арқылы мемлекетке зиян келтіріп отыр, бюджетке қаржы толық түспейді. Екінші жағынан, олар қажетті деңгейде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді, сол арқылы олардың қызметін пайдаланатын азаматтардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіреді», – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

«Заңсыз тасымалдаушылармен күресудің тиімді тәсілі – заңнаманы күшейту, жүргізушілер мен таксопарк иелерінің жауапкершілігін арттыру», – деп есептейді «Жолаушыларды тасымалдаушылар одағы» қоғамдық бірлестігіндегінен келген өкілдер.

Айта кетерлігі, қазіргі заңнамаға сәйкес, заң бұзушыларға полиция мен салық органдарының тарапынан 5-20 АЕК есебінде айыппұл салынуы мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер