«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұрат Әбенов: «Кәсіпкерлікке адам жастайынан дағдылануы қажет»

2016 жылғы 07 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
10771 просмотров

«Атамекен» ҰКП  Басқармасы төрағасының орынбасары Тараздың жас кәсіпкерлерімен кездесті

Кездесу Жамбыл политехникалық колледжінде өтті. Мұрат Әбенов балаларды кәсіптік бағдарлау жұмыстары, сондай-ақ, адамды жастайынан бизнестің негіздеріне оқыту қажеттігі туралы айтты.

«Еңбек нарығындағы сұраныс пен жастардың мақсаты арасындағы айырмашылық жер мен көктей, – деді ол. – Біз зерттеу жүргізіп, жастардың 30%-ы ғана өз бизнесін құруға дайын екендіктерін, қалған 70%-ы жалданбалы жұмысшы ретінде жұмыс істегілері келетіндігін анықтадық. Оған қоса, еңбек нарығын зерттеген кезде, керісінше, елдегі жұмыс орнының 60%-ын шағын бизнес құрайтынын байқадық. Сонда, білім алып жатқандардың көбі болашақта жұмыссыз қалулары мүмкін...».

Оның айтуынша, қазіргі бар жұмыс орындарының 85%-ына жоғары білімнің қажеті жоқ екен. «Бүгінде жастар жоғары білім алуға талпынады, соған қарамастан, оқу бітірген мамандардың көбіне сұраныс жоқ. Біздің елімізде дипломы барлардың жұмыссыздық деңгейі өте жоғары – бұл үлкен мәселе. Бүгінгі таңда 1,5 млн жастың жоғары білімі туралы дипломы бар, олар төрт жылын сарп етті, ақша салды, маман болуды армандады. Бұл жоғары білімі бар, бірақ жұмысы жоқ адамдары бар біздің қоғамның трагедиясы. Жоғары білімі туралы дипломы бар адамдар біліктілігі төмендеу жұмыстарға баруға дайын еместігі айдан анық, өйткені олар беделі төмен жұмыстарға баруды ұят санайды. Олар икемге көне бермейтін адамдар, оларды қайта оқыту қиын», – дейді Әбенов.               

Сондықтан кәсіби бағыттауды ерте бастан бастаған маңызды, деп санайды ҰКП өкілі. «Көбіне өзіне жұмыс орнын ойлап тауып, құруға тура келеді. Сондықтан біз бүгін жастарды бизнестің негіздеріне оқытуымыз қажет, тіпті ерте жастан-ақ. Мектепте біз ерте кәсіби бағыттаумен айналысып, кәсіпкерлік сабақтарын беруіміз керек», – деп ойын түйіндеді ол.

Сапар барысында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директорымен және Палата ұжымымен кездесті. Сондай-ақ ол «ТаразКожОбувь» ЖШС мен «Заң» ЖШС-на барды. 7-9 қыркүйек күндері Мұрат Әбенов қазақстандық бейбітшілік және келісім үлгісін ілгерілету жөнінде өтетін Өңірлік семинарға дәріскер ретінде қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер