«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үй жануарларына қамқорлық

2016 жылғы 05 Қыркүйек
- Ақмола облысы
7102 просмотров

Өңірлік палатаның қолдауымен Зеренді ауданында алғашқы мал дәрігерлік емхана ашылды

«Animal Planet» ЖК басшысы  Талғат Мәмбеталин өз мамандығы бойынша бұған дейін де ауылда ветеринарлық қызметтер көрсетіп келген. Алайда жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгініп, кеңес берушілердің қолдауын көрген ол толыққанды бизнесін ашуға бекінген.

Ең алдымен, Талғат «Бизнес-кеңесші» екікүндік курсынан өтеді. Кәсіпкерлерді қолдау орталығында оған  бизнес-жоспар жасауға көмектесіп, жер телімін беру туралы өтінішпен әкімдікке жіберген. Бұған қоса, кәсіпкер «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несиеге өтінім беріп, ол жуық арада мақұлданған. Алған несиесін павильон сатып алуға және қажетті құрылым материалдарына жұмсайды. Кәсіпкер аз уақыт ішінде жер телімін де жалға алып, малдарға арналған павильонды сол жерге салған. Сонымен бірге, қажетті жабдықтарды да орнатып үлгерген.

Талғат Мәмбеталиннің айтуынша, мал дәрігерлік емхананы ашудағы басты мақсат – қолжетімді, бастысы сапалы ветеринарлық қызметтерді ұсыну. Малдарға арналған препараттар мен дәрі-дәрмектерді сатудан бөлек, бұл жерде үй жануарларын емдеу, қарау және дәрі егу қызметтері де көрсетілетін болады. Жуық арада тұрғындарға, сонымен бірге өңірдегі малшаруашылық қожалықтарға ірі қара малды ұрықтандыру қызметін ұсыну жоспарда бар.  

«Мұндай жоба өңірде жалғыз, көрші өңірлерде де мұндай клиника әзірге жоқ. Тұтас алғанда, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері жалпы құны 92,5 млн теңге болатын 42 жоба қаржыландырылды. Олардың бәрі табысты жүзеге асты. Негізінен агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобалар назарға алынып отыр, жылыжайлық шаруашылық  және тағы басқа бағыттарды ұйымдастырудың болашағы бар», – деп хабарлады ӨКП Зеренді филиалының директоры Ержан Малғаждаров.

Айта кету керек, құрамына бизнес пен Палата өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия жалпы құны 68 млн теңге болатын тағы 26 жобаны таңдап алған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер