«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағым дәйексіз деп танылды

2016 жылғы 05 Қыркүйек
- Жетісу облысы
7925 просмотров

Сот әскери бөлімнің шаруа қожалығына қатысты шағымын қанағаттандырмады

ҚР ҰҚК ШҚ 2534 әскери бөлімшесінің арызы бойынша қозғалған іс  оң шешілді. ҚР ҰҚК ШҚ 2534 әскери бөлімшесі сотқа «Эврика» шаруа қожалығын мемлекеттік сатып алуларда жауапсыз қатысушы деп тануға өтініш білдірген-ді. Оған себеп, қожалықтың келісімшарт бойынша өз талаптарын уақытылы орындамауы болған. Ескере кетер жайт, шағымданушы биылғы жылдың ақпан айында жарманы жеткізу туралы өтініш берген. Жеңімпаз ретінде «Эврика» ШҚ танылған. Алайда компания тауарды жеткізу уақытын бір күнге кешіктірген. Осыған орай, 9  мың теңге көлеміндегі тұрақсыздық айыбын төлеген.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Диас Оташбаевтың айтуынша, аталған жағдайда еш заң бұзушылықтарға жол берілмеген, себебі, тауар жеткізіліп, тұрақсыздық айыбы төленген. Осыған қарамастан, әскери бөлімше сотқа шаруа қожалығының атына шағым түсірген. Десе де, қожалықтың кінәсі дәлелденбеген. Себебі, Алматы облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты арыз берушінің «Мемлекеттік сатып алулар» туралы ҚР Заңына сәйкес, сотқа берудің 30 күндік мерзімін бұзғанын анықтады. Заңның 12-бабы, 4-тармақшасына сай, тапсырыс беруші тапсырыс әкелушінің заң бұзушылық жағдайы орын алған күнінен бастап, 30 күнтізбе күнінен кешіктірмей, сотқа шағымдануы тиіс. Дәл осы себепті, сот әскери бөлімнің арызын қанағаттандырмады.

Сонымен қатар, Алматы облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты жағдайға әділетті баға беріп, ҚР ҰКК ШҚ 2534 әскери бөлімшесі жетекшілеріне кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қолданып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алу туралы шешім шығарды. Бұл алдағы уақытта осындай қателіктерге жол бермеу мақсатында жасалып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер